«Тараз қ. газ тарату жүйелерін жаңғырту» жобасы

Жобаны іске асыру мерзімі – 2011-2019 жж.

Жоба бойынша аз қабатты секторда төмен қысымдағы болат газ құбырларын орташа қысымдағы полиэтилен газ құбырларына ауыстыру, тозған газ құбырларын ауыстыру, аз қабатты құрылыстың тікелей әр тұтынушысында SMART-картасы бар дербес шкафтық газ реттегіш пункттерді орнату, блок типтес газ реттегіш пункттерді орнату көзделген.

Тараз қ. газ тарату жүйесін жаңғырту нәтижесінде өткізу қабілеттілігін 49 мың м3/сағ. дейін арттыру, 101,5 мың м3/сағ. мөлшерден 150,5 мың м3/сағ. дейін арттыру, газдың газ құбырлары арқылы шығып кетуінің техникалық және технологиялық ысыраптарын қысқарту, жақын арадағы 40-50 жылға күрделі жөндеудің пайдалану шығындарын 70%-ға дейін төмендету, қаланың газ тарату жүйесінің қызмет мерзімін 50 жылға ұзарту (полиэтилен газ құбырларының кепілдік мерзімі), газдың рұқсатсыз ойымы және іріктелу ықтималдығын жою жоспарланған.

01.01.2019ж. жағдай бойынша Жобамен игерілген инвестициялардың көлемі ҚҚС-ты есептемегенде 17,6 млрд. теңгені немесе бекітілген құнның 91%-ын құрады. Жоба іске асырылғаннан бастап 29 мың абонент қайта қосылды, 861,75 км жаңа газ құбырлары салынды, 19 517 шкафтық пункттер, 27 шкафтық газ тарату пункттері, 1 газ реттегіш блоктық пункт орнатылды.

Ескі жерүстілік болат газ құбырларын жер астында орналасатын төзімді полиэтиленді құбырларға ауыстыру желілердің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттырып қоймай, Тараз қ. бірегей сәулеттік кейпін сақтап қалуға мүмкіндік берді. 

 

«Маңғыстау облысының елді мекендерінде газ тарату тораптарын жаңғырту, қайта құру және жаңа газ тарату тораптарының құрылысын салу» жобасы

Инвестициялық жобаға 2015 жылы, Маңғыстау облысы әкімдігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ арасында жасалған Маңғыстау облысының газдандыру объектілерінің құрылысын салу, жаңғырту және қайта құру жобаларын іске асыру бойынша ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастыққа қатысты 05.02.2015ж. жасалған Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде бастамашылық жасалды.

Жоба қызметтердің сенімділігін жақсарту және сапасын арттыру, өнімділіктің жеткіліксіздігінен тұтынушылар үшін газдың жеткіліксіздігін жою және газ желілерінің қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйін жою мақсатында, Маңғыстау облысының газ желілерін жаңғыртуға және қайта құруға, сондай-ақ құрылысын салуға бағытталған.

Жоба шеңберінде жаңа газ тораптарының құрылысын салу, жоғары, орташа және төмен қысымдағы газ құбырларының, Жаңаөзен қаласында үш АГТС-ты орнату арқылы жеткізуші жоғары қысымды газ құбырларының, АГТС-ты орнату арқылы Окарем-Бейнеу МГ-ден Шетпе ауылына дейін бұрма газ құбырының, ауыларалық газ құбырларының, жоғары және орта қысымдағы жеткізуші жерасты газ құбырларының, сондай-ақ төмен қысымдағы ауылішілік газ құбырларының құрылысын салу көзделген.

01.01.2019ж. жағдай бойынша Жобамен игерілген инвестициялардың көлемі ҚҚС-ты есептемегенде 23,9 млрд. теңгені немесе бекітілген құннан 98% құрады.

Есеп беру күні барлығы 1322,455 км газ құбыры салынды және жаңғыртылды, автоматтандырылған газ тарату станцияларының 6 жиынтығы орнатылды, 34 шкафтық газ тарату пункті, 41 блоктық газ тарату пункті орнатылды. 5 елді мекен (Мұнайлы ауданының Батыр тұрғын алабы, Маңғыстау ауданының Жарма және Басқұдық ауылдары, Бейнеу ауданының Боранкөл ауылы, Бейнеу ауданы Бейнеу ауылындағы 18 көше, Бейнеу ауданы Боранкөл ауылындағы 2 кіші ауыл) газдандырылды, 1,7 мың жаңа абонент қосылды.

2019 жылы Жобаны іске асыруды аяқтау жоспарланып отыр.

 

«Қостанай облысының елді мекендерін газдандыруды өрістету» жобасы

Инвестициялық жобаға Қостанай облысының әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ арасында 2015 жылғы 17 қарашада жасалған ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға сәйкес 2016 жылы бастамашылық етілді.

Жоба ағымдағы жылы аяқталды. Инвестициялардың жалпы құны ҚҚС-ты есептемегенде 6,8 млрд. теңге. Жоба шеңберінде 237,889 км жаңа газ құбырлары салынды, 1 автоматтандырылған газ тарату станциясы, 11 блоктық газ реттегіш пункттері, 4 шкафтық газ тарату пункттері орнатылды. 7 елді мекен газдандырылды (Рудный қ. Қашар кенті, Лисаковск қ. Октябрьский кенті, Қарабалық ауданының Тоғұзақ ауылы, Денисовский ауданының Антоновка, Алчановка ауылдары, Әулиекөл ауданының Әулиекөл ауылы – жеткізуші газ құбыры төселді, Рудный қ. – газдандыру жалғасуда).

 Газдандырылған елді мекендердегі жүйеге қосылған абоненттердің саны 1,2 мың абонентті құрады, оның ішінде 934 жеке үй, ірі панельді үйлерді 250 пәтер.

 

«Алматы қаласын газдандыру, Алматы қаласының газ тарату жүйелерін жаңғырту, қайта құру» жобасы

Жобаға 2018 жылы бастамашылық етілді, қолданылу мерзімі: қоса алғанда 2021 жылға дейін. Жоба бойынша қазіргі уақытқа дейін газбен жабдықтау жүйесіне қосылмаған, Алматы қаласының жеке үйлерін қоса алғанда, тұрғын аудандарын/учаскелерін газдандыру, сондай-ақ Алматы қаласының қолданыстағы газ тарату жүйелерін қайта құру көзделген. Жоба қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді, газды орташа жылдық тұтынуы 15,8 млн.м3 болатын шамамен 4,1 мың жаңа абонентті газбен жабдықтауға қосуға мүмкіндік береді.

2018 жылы Алматы қаласында 21,4 км газ құбырлары және 10 шкафтық газ реттегіш пункттер қайта құрылды. Жоба шеңберінде газдандыру және жаңа абоненттерді қосу 2019 жылдан басталады деп жоспарлануда.