Экспорттық әлеуетті өрістету мақсатында, келесі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде:

  • «Қазақстан-Қытай МГ қуатын арттыру (1-ші учаске)» («Азиялық Газ құбыры» ЖШС);
  • «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының құрылысы («Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС);
  • «БГР-ТБА» МГ мен «Қазақстан-Қытай» МГ арасында TIP-02 жалғастырғышында сығу компрессорлық станциясының құрылысын салу («ИОА» АҚ);
  • «Бейнеу-Бозой-Шымкет» МГ-да үш компрессорлық станциясының құрылысын салу («ИОА» АҚ).

 

«Қазақстан-Қытай МГ қуатын арттыру (1-ші учаске)» жобасы

2011 жылғы 27 шілдеде «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметтерінің арасындағы Қазақстан-Қытай газ құбырының құрылысын салудағы және пайдаланудағы ынтымақтастық туралы 2007 жылғы 18 тамыздағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №2 хаттамаға қол қойылды, оған сәйкес Тараптар «Қазақстан-Қытай» МГ-ның бірінші учаскесінің қуатын жылына 25 млрд. м3 дейін арттыруды жүзеге асыруға келісті, оның жылына 20 млрд. м3 қытайлық тараптың, түркмен және өзбек газының ҚХР-ға транзитін жүзеге асыру мақсатында пайдалануы үшін арналған, ал жылына 5 млрд. м3 қазақстандық тарап үшін, ҚР ішкі нарығының газға қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатына, сондай-ақ газдың ҚХР-ға экспортталуының ықтималдығы үшін арналған.

Жобамен, өткізу қабілеттілігі жылына 25 млрд м3 дейін болатын, ұзындығы 1308км магистральды газ құбырының құрылысын салу көзделген.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2012-2018 жылдар.

2011 жылғы 26 қыркүйекте ҚМГ, ҚТГ және TAPLine арасында «Қазақстан-Қытай» газ құбырының бірінші учаскесінің «С» желісін жобалауды, қаржыландыруды, құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырудың негізгі қағидалары туралы келісімге қол қойылды.

2018 жылдың соңындағы жағдай бойынша жоба бойынша келесі негізгі жұмыстар орындалды:

  •  2015 жылғы 9 шілдеде газ құбырының желілік бөлігі пайдалануға енгізілді;
  •  2015 жылғы 16 шілдеде №6 компрессорлық станциясы пайдалануға енгізілді;
  •  2015 жылғы 23 шілдеде №2 компрессорлық станциясы пайдалануға енгізілді;
  •  2016 жылғы 3 тамызда №4 компрессорлық станциясы пайдалануға енгізілді;
  •  2016 жылғы 10 тамызда №8 компрессорлық станциясы пайдалануға енгізілді;
  •  2017 жылғы 30 қарашада №1 компрессорлық станциясы пайдалануға енгізілді;
  •  2017 жылғы 22 желтоқсанда №3 компрессорлық станциясы пайдалануға енгізілді;
  •  2018 жылғы 30 шілдеде №5 компрессорлық станциясы пайдалануға енгізілді;
  •  2018 жылғы 19 қазанда №7 компрессорлық станциясы пайдалануға енгізілді. 

Осылайша, 2018 жылы газ құбырының барлық объектілерінің құрылысы аяқталды, осыған байланысты жылына 25 млрд.м3 дейінгі көлемдегі жобалық қуатқа қол жеткізілді. Жоба аяқталды. 

Газ құбыры іске қосылғаннан бастап, 2018 жылдың соңындағы жағдай бойынша шамамен 57 млрд.м3 тасымалданды (орта азиялық газдың транзиті, ҚХР-ге экспорты және ҚР ішкі нарығын қамтамасыз ету).

 

«Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырының құрылысы» жобасы

Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерінің газға қажеттілігін тұрақты негізде қамтамасыз ету, импорттық газдан тәуелділікті төмендету және Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Газ құбырының маршруты Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстарының аумақтары бойынша өтеді және келесі негізгі техникалық сипаттамаларға ие: 1-кезең – 2012-2019жж., өткізу қабілеттілігі жылына 6 млрд. м3 дейін; 2-кезең – 2013-2019жж., өткізу қабілеттілігі жылына 10 млрд. м3 дейін; 3-кезең – 2018-2019жж., нақты ұзындығы 1 450 км (бір желілік орындалуда).

Жобаны іске асыру мақсатында 2010-2017жж. кезеңінде мыналар орындалды:

  •  Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметтерінің арасындағы Қазақстан-Қытай газ құбырының құрылысын салудағы және пайдаланудағы ынтымақтастық туралы 2007 жылғы 18 тамыздағы келісімге (ҮАК) қол қойылды;
  •  ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға ресми сапары шеңберінде Қазақстан-Қытай газ құбырының құрылысын салудың және пайдаланудың негізгі қағидалары туралы келесімге (ҚТК) қол қойылды;
  •  2011 жылғы 18 қаңтарда Жобаны Қазақстан Республикасының аумағында іске асыру мақсатында «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС бірлескен қазақстандық-қытайлық жобалау компаниясы құрылды;
  •  2013 жылғы 2 желтоқсанда Өткізу қабілеттілігі жылына 2,5 млрд. м3 газ болатын «Бозой-Шымкент» учаскесінің желілік бөлігін (311-1453 км), «Бозой» ГИС-ті пайдалануға беру туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне қол қойылды.
  •  2015 жылғы 31 желтоқсанда ҚР ҰЭМ-нің ТМРБж/еТҚҚД-нің №278-ОД бұйрығымен 1000 м3 үшін ҚҚС-сыз 18 071 теңге мөлшеріндегі тауарлық газды 2016 жылғы 1 наурызда қолданысқа енгізе отырып, магистральды газ құбырларымен тасымалдау бойынша тариф бекітілді;
  •  2016 жылғы 30 желтоқсанда газды өткізу қабілеттілігі жылына 5 млрд.м3 дейін болатын «Бейнеу-Бозой» учаскесінің желілік бөлігін (0-311км) пайдалану туралы қабылдау комиссиясының актісіне қол қойылды;
  •  2017 жылғы 7 қарашада «Бозой» басты компрессорлық станциясын пайдалануға енгізу туралы қабылдау комиссиясының актісіне қол қойылды және газды өткізу қабілеттілігі жылына 6 млрд.м3 дейін болатын өткізу қабілеттілігі қамтамасыз етілді;
  •  2017 жылғы 29 қарашада «Қараөзек» желілік компрессорлық станциясын пайдалануға енгізу туралы қабылдау комиссиясының актісіне қол қойылды және газды өткізу қабілеттілігі жылына жобалық 10 млрд.м3 дейінгі мөлшерге жеткізілді;
  •  тасымалдау басталғаннан бастап 2018 жылдың соңына дейін 17 млрд.м3 газ тасымалданды.

2-ші Кезеңнің трасса бойындағы құрылысты салу бойынша жұмыстары (0-311 км учаске), «Шорнақ», «Қараөзек», «Ақсуат» және «Сексеул» РЭУ және ВП, «Бейнеу» ГӨС, СКАДА жүйесін және Телекоммуникацияларды салу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Қолданыстағы «Бозой» компрессорлық станциясын (КС) және «Ақбұлақ» газ өлшеу станциясын (ГӨС) өрістету арқылы, сондай-ақ қосымша үш жаңа компрессорлық станциясын салу арқылы, қуаттың жылына 15 млрд. м3 дейін өрістетілуін ескере отырып (2018-2019жж. кезеңінде), жобаны түзету бекітілді.

Қазіргі уақытта «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ (ҚМГИ) және «Мұнай-газ құбырлары жөніндегі Қытай инжинирингтік корпорациясы (CPPE) жобалау институттары «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГ-ның өнімділігін жылына 15 млрд м3 дейін арттыру бойынша техникалық-экономикалық есептің әзірлемесін аяқтады. «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС-де әзірлеме нәтижелерінің келісілуі жүргізілуде.

 

«БГР-ТБА» МГ мен «Қазақстан-Қытай» МГ арасында TIP-02 жалғастырғышында сығу компрессорлық станциясының құрылысын салу» жобасы

Газды ҚХР-ге экспорттау үшін «Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбырына беру үшін және Алматы қаласын газбен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында, «БГР-ТБА» МГ-ның өткізу қабілеттігін арттыру және газды «Қазақстан-Қытай» МГ-ға беру үшін TIP-02 жалғастырғышында СКС-ның құрылысын салу жобасын іске асыру жалғасуда.

Жобаны іске асыру мерзімі – 2016-2019жж.

2018 жылдың соңындағы жағдай бойынша жоба бойынша келесі негізгі жұмыстар орындалды:

  •  2017 жылғы 7 қарашада «БГР-ТБА» МГ-ның 2-ші желісінің желілік бөлігін (ЖБ) ішінара күрделі жөндеуден өткізу аяқталды;
  •  2017 жылғы 28 желтоқсанда «Ақыр-Тобе» сығу компрессорлық станциясын пайдалануға енгізу туралы  қабылдау комиссиясының актісіне қол қойылды және газды «БГР-ТБА» МГ-ден «Қазақстан-Қытай» МГ-ге беру мүмкіндігі жылына 2 млрд.м3 дейінгі көлемде қамтамасыз етілді;
  • Үшінші газ айдау агрегатының құрылысын салу арқылы СКС қуатын жылына 2млрд.м3 мөлшерден 3,5 млрд.м3 дейін арттыру бойынша жобаны түзету бекітілді.

 

 «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГ-де үш компрессорлық станцияның құрылысын салу» жобасы

Жоба «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының өткізу қабілеттілігін жылына 10 млрд.м3 мөлшерден 15 млрд.м3 дейін арттыру бойынша іс-шаралар шеңберінде іске асырылады.

Жобаны іске асыру мерзімі – 2018-2019жж.

2018 жылы «Түркістан», «Қоркыт-Ата», «Арал» үш компрессорлық станциясының құрылысы аяқталды. 2018 жылғы қарашадан бастап 2019 жылғы қаңтарға дейінгі кезеңде салтанатты түрде іске қосу жүргізілді, іске қосу және реттеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған компрессорлық станциялар құрылысының аяқталуын ескерсек, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының қуаты жылына 13 млрд.м3 дейін жететін болады.