Қазіргі уақытта ресурстық базаны өрістету мақсатында, келесі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде:

  • «Амангелді газ кен орындары тобын игеру» («Амангелді Газ» ЖШС);
  •  «Қарағанды көмір бассейнінің көмір қабаттарынан метан өндіру (геологиялық барлау жұмыстары)».

 

«Амангелді газ кен орындары тобын игеру» жобасы

Қазақстан Республикасының газ саласын 2010-2014 жылдарға арналған дамыту бағдарламасына сәйкес, республиканың оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын газбен қамтамасыз ету және «ҚазТрансГаз» АҚ-ның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Көмірсутегі шикізатын бірлесіп барлау және өндіру жөніндегі 2000 жылғы 12 желтоқсандағы келісімшарттың негізінде, Жамбыл облысындағы Амангелді газ кен орындары тобын игеруді жалғастыруда.

Жоғарыда аталған келісімшарттың қолданылу мерзімі – 2031 жылға дейін.

Жобаны іске асыру шеңберінде, «Амангелді» кен орнын өнеркәсіптік пайдалану және Амангелді тобының басқа да кен орындарын игеру жүзеге асырылады, атап айтқанда, геологиялық барлау және сейсмикалық жұмыстар, қорларды есептеу, өнеркәсіптік-тәжірибелік пайдалану жобаларын әзірлеу, өндіру ұңғымаларының және кен орнын жайластыру объектілерінің құрылысын салу жобалары. Амангелді газ кен орындары тобындағы табиғи газдың бекітілген шығарылатын қорлары 18 747 млн. м3 құрайды.

2008 жылдың басы кезінен Амангелді кен орны өнеркәсіптік өңдеу сатысына кірісті. Қазіргі уақытта 35 ұңғыма пайдаланылады. 

2014 жылғы 27 қарашада Жарқұм кен орны өнеркәсіптік-тәжірибелік пайдалануға енгізілді, өндіру 6 ұңғымада жүргізіледі.  

2015 жылғы 12 қарашада барлау кезеңі 2018 жылғы 12 желтоқсанға дейін 3 (үш) жылға ұзартылды.

2018 жылы барлау кезеңі 2021 жылғы 12 желтоқсанға дейін 3 (үш) жылға ұзартылды.

2017 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Айрақты кен орнын өнеркәсіптік-тәжірибелік пайдалануға енгізу бойынша келісімшартқа № 12 қосымша келісімге қол қойылды.

2014-2015жж. Сұлтанқұдық құрылымында 257,1 қума км көлемінде ЖТНӘ 2D сейсмикалық зерттеулері өткізілді, оның нәтижесінде құрылымның параметрлері және болжамдық ресурстары нақтыланды. Сұлтанқұдық құрылымындағы (Барханная-Сұлтанқұдық учаскесі) іздеу жұмыстары жобасына №2 қосымша» жобасы әзірленді, және құрылымның көмірсутек шикізатының өнеркәсіптік қорларын анықтау бойынша келешегінің болуын нақтылау мақсатында, 2016-2017жж. тереңдігі 4 250 м ұңғыманы бұрғылау жүзеге асырылды.

2018 жылы Анабай кен орнының №12 бағалау ұңғымасының құрылысы аяқталды. Сондай-ақ есепті кезеңде, Барханная-Сұлтанқұдық учаскелерінде және Анабай кен орнында орындалған, МОГТ 2Д және 3Д сейсмикалық барлау жұмыстарының материалдарына қайта өңдеу және қайта талдау жасау орындалды.

Амангелді кен орнында өнеркәсіптік барлау басталғаннан бастап 4,662 млрд. м3 табиғи газ өндірілді және 341,88 мың тонна газ конденсаты, соның ішінде 2018 жылы 308,05 млн. м3 табиғи газ және 18,34 мың тонна газ конденсаты өндірілді.

Жарқұм кен орнында тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану басталғаннан бастап 59 млн. м3 табиғи газ және 454,8 тонна газ конденсаты өндірілді, оның ішінде 2018 жылы 8,311 млн. м3 табиғи газ және 39,36 тонна газ конденсаты өндірілді.

Айрақты кен орнында 2018 жылы 44,109 млн. м3 табиғи газ және 691,97 тонна газ конденсаты өндірілді.

01.01.2018ж. жағдай бойынша «Амангелді Газ» ЖШС бойынша 4,765 млрд. м3 табиғи газ және 343,03 мың тонна газ конденсаты өндірілді.

 

«Қарағанды көмір бассейнінде көмір қабаттарынан метан өндіру» жобасы (геологиялық барлау жұмыстары)

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының шешімімен «Қарағанды көмір бассейнінде көмір қабаттарынан метан өндіру» жобасы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2014-2018жж. арналған» инновациялық-технологиялық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының иннвациялық жобаларының тізбесіне кірді.

2016 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі көмір қабаттарынан метанды (КҚМ) барлауды және өндіруді ұйымдастыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру бойынша өзектендірілген іс-шаралар жоспарын (Жол картасы) бекітті. Аталған Жоспарға сәйкес «ҚазТрансГаз» АҚ Жобаның 1-ші кезеңі – Қарағанды көмір бассейнінің Шерубайнұра көмірлі ауданында «Сарыарқа» ӘКК» АҚ жер қойнауын пайдаланушысының келісімшарттық аумағында ҒЗТКЖ шеңберінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда (03.04.2015ж. Келісімге сәйкес).

Қоғам, КҚМ-ды барлау және өндіру мәселелерімен айналысатын, жетекші отандық ғалымдармен және жер қойнауын пайдаланушылармен, сондай-ақ заманауи әлемдік технологиялары және көмір метанын барлау және өндіру тәжірибелері бар шетелдік компаниялармен үнемі кездесулер өткізіп тұрады.

КҚМ-ды геологиялық барлау жұмыстары күрделі ғылыми-техникалық міндет болып саналады, ҒЗТКЖ шеңберінде өткізіледі және келісімшарттық аумақтың газдылығын зерттеуге және КҚМ-ды өндірудің ең оңтайлы технологияларын жасауға бағытталған. ҒЗТКЖ шеңберінде халықаралық тәжірибені ескере отырып, білікті сервистік мердігерлік ұйымдарды және т.б. тарту арқылы ұңғымалар құрылысын салуда, КҚМ дебитін игеруде және қарқындатуда заманауи шетелдік технологияларды/әдістерді пайдаланудың ықтимал нұсқалары сынақтан өткізіліп жатыр.

2015-2017жж. кезеңінде барлау және тәжірибелік-пайдалану ұңғымалары бұрғыланды, газ ағыны алынды. Ұңғымаларға геофизикалық зерттеулер жүргізілді, Corelab (США), NCCBM (КНР), Geokrak (Польша) мамандандырылған зертханаларында кернге далалық және зертханалық зерттеулер жүргізілді. Кернді талдау нәтижелері бойынша Шерубайнұра учаскесінің көмірінің сипаттамалары АҚШ-тың аса ірі кен орындарының (Блэк Варриор – өндірілуі жылына 1,5 млрд.м3)  сипаттамаларымен ұқсас екендігі байқалды.

Тәжірибелік-пайдалану ұңғымаларын зерттеулік игеру аяқталды, ұңғымалар уақытша консервацияға енгізілді.

«Бейкер Хьюз Казахстан» ЖШС «Қарағанды бассейнінің Шерубайнұра көмірлі ауданының КҚМ-сын өндірудің және коммерциаландырудың келешегін бағалау» техникалық-экономикалық есебі (ТЭЕ) әзірленді, ТЭЕ нәтижелері бойынша зерттеу жұмыстарын жалғастыру ұсынылды.

2018 жылы Шерубайнұра учаскесінде КҚМ қорларын жедел есептеу» есебін құру бойынша жұмыстар аяқталды, С2 – 5,7 млрд.м3 категориясы бойынша қорларды ҚР Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мемлекеттік балансына қою жүзеге асырылды.

ТЭЕ-нің және тәуелсіз техникалық консультанттардың ұсынымдарына сәйкес, геофизикалық зерттеулер кешені өткізіліп, 3 ұңғыманың құрылысы жүргізілді.

КҚМ-ның перспективтілігін толықтай бағалау үшін және өнеркәсіптік метанды шығару бойынша тиімді технологияларды пысықтау үшін, ҚарМТУ жобасы сарапшыларының ұсынымдарын және Baker Hughes, «ҚазТрансГаз» АҚ ұсынымдарын ескере отырып, КҚМ-да зерттеулік геологиялық-барлау жұмыстарын жалғастыру шешімі қабылданды.

2018 жылғы шілдеде, геологиялық барлау жұмыстарын жалғастырудың қажеттілігін ескеріп, ҚМГ ИК-ның (04.07.2018ж. №13-18 хаттама) шешімімен ҚТГ-ның 1 400 млн. теңге мөлшеріндегі меншікті қаражаты есебінен ГБЖ-ны қосымша қаржыландыру мақұлданды.

Қарағанды көмір бассейнінің геологиялық жағдайларын ескере отырып, ҒЗТКЖ шеңберінде, қолданыстағы ұңғымаларды, шеттері горизонтальды болып келетін және горизонтальды учаскелерде қабаттардың көп сатылы ажыраулары (ҚА) өтетін жоғары технологиялық конструкциялардың құрылысы жасалатын болады.

Осы жұмыстарды орындау үшін қазіргі уақытта жобалау құжаттамасын әзірлеу жүріп жатыр, учаскені дала жұмыстарына дайындау орындалды.

Геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша - ГБЖ жобасының 1-ші кезеңінде ҒЗТКЖ шеңберінде көмір метанының қорларын ҚР мемлекеттік балансына қою арқылы КҚМ қорларын есептеу бойынша есеп құрылатын болады.

Жобаны одан әрі іске асыру туралы шешім геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша қабылданатын болады (ҒЗТКЖ шеңберінде ГБЖ жобасының 1-ші кезеңінде).

Инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау және Қазақстан Республикасы өңірлерінің халқы үшін КҚМ-ның тауарлық газының оңтайлы құнын қалыптастыру мақсатында, ҚТГ 2015-2017жж. кезеңінде уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесе отырып, Жол картасына сәйкес КҚМ-ды барлау және өндіру бойынша қызметті мемлекеттік қолдауға бастамашылық ету бойынша жұмыстар жүргізілді:

- 2016 жылы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойылды, онда КҚМ-ды өндіру бойынша қызметті мемлекеттік қолдау шаралары, қолданыстағы салықтық және инвестициялық жеңілдіктерді алу бөлігінде бекітілді;

- 2017 жылы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне қол қойылды, онда көмір қабаттарынан метанды барлау және өндіру бойынша қызметтер реттелген;

- КҚМ-ды өндіру бойынша инвестициялық жобалардың іске асырылуын басымдық қызмет түрлері тізбесіне қосылу құқығын көздейтін, «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына арналған ұсыныстар ҚР Үкіметіне енгізілді.

КҚМ бойынша жобаларды одан әрі дамыту мақсатында, инвестор-компаниялармен бірлескен ынтымақтастық жұмыс бойынша келіссөздер жүргізілуде.