Энергетикалық ресурстарды пайдалану және энергия үнемдеу

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның міндеттерінің бірі, еншілес және тәуелді ұйымдар қызметінің «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестікке мониторинг жүргізу болып табылады.

«ҚазТрансГаз» АҚ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатын жүргізеді. Газды тасымалдау, тарату, өндіру және жер астында сақтау бойынша ҚТГ компаниялар тобының энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметінің бағыттары   ЕТҚ-ның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы іс-шараларында белгіленген.

Энергия үнемдеу саясатының негізгі міндеттері:

  •  Энергия үнемдеу әлеуетін іске асыру және энергия үнемдеуді басқаруды жетілдіру;
  •  Қоршаған ортаға келетін техногендік жүктеменің төмендеуін қамтамасыз ету үшін инновациялық технологияларды және жабдықтарды пайдалану.

ҚТГ компаниялар тобы бойынша энергия үнемдеу бойынша 2019 жылға арналған негізгі іс-шаралар:

  •  КС компрессорлық станцияларының жүктелуін оңтайландыру;
  •  КС электр станцияларының жүктелуін оңтайландыру;
  •  Электр жетекті газ айдаушы агрегаттардың жұмыс режимдерін, компрессорлық станциялардың жұмыс режимі бойынша электрмен жабдықтау схемаларын оңтайландыру, соның ішінде турбокомпрессорлық цехтардың резервтік қоректендіретін күштік  трансформаторларын өшіру;
  •  Жаңа буындағы катодтық станцияларды орнату (тозғандарының орнына);
  •  Су жылытатын қазандарды энергиялық тиімді қазандарға ауыстыру арқылы «Ақыртөбе» ЖГҚ, «Редут» КС қазандықтарын қайта құру;
  •  Қазандықтарын қайта құрған кезде қуаты аз электр қозғалқыштары бар Wilo энергиялық тиімді  желілік сорғыларын пайдалану;
  •  «Амангелді Газ» ЖШС-ның өнеркәсіптік алаңының жарықтандыру желісін қоректендіру үшін жалпы қуаты 10 кВт болатын күн сәулесі панельдерін орнату. 

Энергия тиімділігі көрсеткіштерін жақсарту, газды тасымалдаудың оңтайлы режимдерін пайдаланумен және энергия үнемдеу бойынша іс-шараларды өткізумен шарттасады.

ҚТГ компаниялар тобы бойынша отын-энергетикалық ресурстарды (ОЭР) тұтыну көлемі 2018 жылы: 2017 жылмен салыстырғанда – 1303910,9 тонна шартты отын (т.ш.о.) (124,4 млн. кВт/сағ., 942392,9 мың текше м), 34,8%-ға артып, 1758627,0 т.ш.о. (119,7 млн. кВт/сағ., 1474175,3 мың текше м) құрады. 2018 жылы энергия ресурстарды тұтыну көлемінің артуы «Қазақстан-Қытай» МГ, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГ бойынша газ тасымалы көлемінің өсіміне байланысты.

2018 жыл ішінде алыну көздері бойынша бөлінген тудырылатын (өндірілетін) жаңартылған энергияның жалпы көлемі келесіні құрады:

1. Геотермальды (жылулық) энергияны жылу сорғыларымен өндіру – 678,53 Гкал.

2. Электр энергиясын күн сәулесі панельдерімен өндіру – 103572 кВт*сағ.

3. Электр энергиясын термиялық энергия генераторларымен (ТЭГ – Ренкин циклы) өндіру – 240900 кВт*сағ.

2018 жыл ішіндегі табиғи газды тасымалдаудың меншікті энергия шығындары, газ тасымалдаудың энергия тиімділігінің көрсеткіші 2017 жылдың (0,0105 т.ш.о./мың теңге) ұқсас кезеңімен салыстырғанда 94%-ға артып, 0,0203 т.ш.о./мың теңгені құрады. Меншікті энергия шығындарының артуы «Қазақстан-Қытай» МГ, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГ бойынша газ тасымалдау көлемдерінің артуымен байланысты.

ҚТГ компаниялар тобы бойынша 2016-2020жж. энергия үнемдеу әлеуеті 67588,12 т.ш.о. құрайды.

ҚТГ компаниялар тобы бойынша отын-энергетикалық ресурстарды (ОЭР) үнемдеу келесіні құрады:

2016ж. – 9363,94 т.ш.о. (4993 мың кВт*сағ., 7478,346 мың текше м);

2017ж. – 9305,46 т.ш.о. (3393,2 мың кВт*сағ., 6500,5 мың текше м);

2018ж. – 12552,32 т.ш.о. (4946 мың кВт*сағ., 9620,8 мың текше м.).

Негізгі энергия үнемдеу іс-шаралары табиғи газды, электр энергиясын тұтынуды төмендетуге бағытталған.

Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын қолдау шеңберінде, «Интергаз Орталық Азия» АҚ  2019 жылы ҚТГ компаниялар тобының жаңа және ағымдағы жобаларында апробациялау және кейіннен енгізу мақсатында, «Ақшабұлақ-Қызылорда» МГ-дағы (41 км) катодтық қорғаныстың модульдік станциялары бар «Аналитик» жүйесіне тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ жүргізетін болады.

Алдыңғы жылдары ЕТҚ-ға енгізілген жаңартылатын энергия көздері тиімді жұмыс жасауда: DLE шығындыларының деңгейі төмен, жану жүйесінен тұратын газ айдаушы агрегаттар (ГАА); реактивті қуатты (электр желілерінің реактивті параметрлерін) өтеу үшін арналған өтемдік құрылғылар; «Waterkotte» типіндегі геотермальды жылу сорғылары; монокристалдық күн сәулесі панельдері (батареялар); автономдық режимде жұмыс жасайтын термиялық электр генераторлары (Closed cycle vapor turbogenerator) және блоктық жиынтық электр станциялары (Capstone); энергия ресурстарын есепке алудың кешенді автоматтандырлыған жүйесі (ЭЕКАЖ), энергия үнемдеуші жарықтандыру лампалары.

Энергия рексурстары (табиғи газ, электр энергиясы) құнының болжамдық артуын, сондай-ақ оларды тұтынудың өсімін ескере отырып, «ҚазТрансГаз» АҚ-ның барлық ЕТҚ-лары үшін жалпы міндет, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша экономикалық орынды іс-шараларды іске асыру есебінен отын-энергетикалық ресурстарға жұмсалатын шығындарды төмендету болып табылады

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы нормативтік және нормативтік-құқықтық құжаттаманы әзірлеу және жетілдіру, инвесторларға олардың құятын инвестицияларының қайтарылатындығына кепілдік беретін қолдау механизмін құру болуы тиіс және оның салдары ретінде Қазақстан Республикасының аумағында жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы жобаларды іске асыру және дамыту үшін әлеуетті инвесторларды тарту болуы қажет

 

Қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау

ҚТГ компаниялар тобының өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігін, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық, нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық актілеріне, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның «Еңбекті қорғаудың бірыңғай басқару жүйесіне» (ЕҚББЖ) және ҚТГ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарының ЕҚББЖ-не сәйкес жүргізіледі.

ҚТГ компаниялар тобындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша Астана қаласында кеңейтілген жиналыс өтті. ЕТҚ-ның еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі департаменттері/қызметтері басшыларының еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жасаған жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Есептер оң тұрғыдан қабылданды, бұл ретте хаттамалық шешіммен жоғарыда аталған жұмыстарды жақсарту үшін одан әрі орындалатын міндеттер белгіленді.

ҚТГ компаниялар тобы бойынша келесі мобильдік қосымшалар іске асырылды:

  • «8 Алтын қағида»;
  • «Қауіпсіздік әліппесі»;
  • «Сауығуға 10 қадам».

Аталған қосымшалар мемлекеттік/орыс тілдерінде әзірленді, IOS және Android құрылғыларында орнатуға қолжетімді, сондай-ақ толығымен ҚТГ қызметіне  біріктірілген.

ҚТГ компаниялар тобы бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы «Алтын қағидалар» жұмыскерлер кодексі сақталады.

ҚТГ-ның қатысуымен «КазТрансГаз-Өнімдері» ЖШС-де «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бекіткен «Жерүстілік көлік құралдарын қауіпсіз пайдалану регламенті» енгізілді.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қауіпсіздік белдіктерінің симулятор-жаттығу құрылғысы сатып алынды. Қауіпсіздік белдіктерінің симуляторлары, қатысушылар соққының күшін сезінетіндей жол-көлік оқиғасының имитациясын тудырады.

 

Еңбекті қорғау  

Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша есептіліктің 100%-дық ашықтығына қол жеткізілді және ол ҚТГ компаниялар тобының өндірістік объектілерінің шығатын (іріктеме) тексерістерінің нәтижелері бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның қорытындыларымен расталды. ҚТГ компаниялар тобы бойынша ашық есептілікті қамтамасыз ету КИСУД бағдарламасында оқиғалардың барлық түрлері бойынша дұрыс деректерді уақтылы енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Еңбекті қорғау саласындағы заңнама талаптарына сәйкес, көп деңгейлі бақылау, оқыту және білімдерді тексеру, еңбек жағдайлары бойынша объектілерді аттестаттау бойынша, санитариялық-гигиеналық еңбек жағдайларын жасау бойынша, арнайы киімдермен қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардан сақтандыру, медициналық және ауысымалды куәландыру бойынша шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

2018 жылғы 09 қазанда, Атырау облысының Жылыой және Мақат аудандарының арасында орналасқан Лупинг Орта Азия – Орталық МГ бойында 647-694 км учаскесінде, 651 км-де ЭХЗ 783 тірегінің жанында 15:01 сағ. кезінде ақаулы құбырларды ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде Е.К. Сыдықов КрАЗ ГРНЗ «365AL06» автокранын басқарып отырғанда, сол жаққа бұрылу маневрін жасаған кезде рульдік басқаруды орындай алмай, автокранның сол жаққа қарай аударылып кетуіне жол берді және нәтижесінде қаза болды.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 20-тарауына сәйкес (186-189 баптар), Актілер ресімдеу және жазатайым оқиғаларға жол бермеу бойынша іс-шараларды әзірлеу арқылы тексерулер жүргізілді. Барлық іс-шаралар орындалды.

 

Өрт қауіпсіздігі

Есептік кезеңде ҚТГ компаниялар тобының объектілерінде: өрт сөндіргіштерді оттан қорғағышпен өңдеу, жөндеу, куәландыру және қайта зарядтау, персоналды өрт қауіпсіздігі шараларына үйрету және нұсқаулық беру, автоматтық өрт сөндіру және сигнал беру жүйелерін монтаждау, өртке қарсы автоматика жүйелеріне техникалық қызмет көрсету, өртке қарсы сумен жабдықтауды монтаждау және жөндеу тәрізді өртке қарсы іс-шаралар өткізілді.

Объектілерді өрттен қорғау бойынша шарттар жасалды.

 

Өнеркәсіптік қауіпсіздік

Есептік кезеңде ҚТГ компаниялар тобы бойынша: құбырлардың диагностикасы, құбырлардың ақаулы учаскелерін ауыстыру, крандарды ауыстыру, құбырлардың оқшауларын ауыстыру, персоналды оқыту және білімдерін тексеру, өндірістік объектілерді мағлұмдау, өндірістік бақылау тәрізді іс-шаралар өткізілді.

Фонтанға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, объектілерді заңсыз әрекеттерден қорғауға қатысты шарттар жасалынды.

 

Қоршаған ортаны қорғау

2018 жылы қоршаған ортаға өткізілген мониторинг нәтижесінде, қоршаған ортаға қатысты эмиссияларға берілген рұқсаттардың шектен шығуы байқалған жоқ. Табиғат қорғау іс-шаралары жоспарларының стратегиясында тоғыз негізгі бөлім қамтылған, олар әуе бассейнін қорғауды, су және жер ресурстарын, флора мен фаунаны ұтымды пайдалануды, өндірістің және тұтынудың қалдықтарын пайдалануды, басқару жүйелерін және ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуді, ғылыми-зерттеулік және жобалау-ізденістік жұмыстарды, радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздікті, сондай-ақ экологиялық білім беруді және насихаттауды көздейді. Мәселен, компания жүргізетін газ тарату жүйелерін жаңғырту ластаушы заттар мен парниктік газдар шығарындыларының елеулі төмендеуіне алып келеді. Атмосфера ауасын және ағын сулардың үздіксіз мониторингін жүргізу қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

2018 жылғы 11 желтоқсанда Астана қаласында Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында «Интергаз Орталық Азия» АҚ жоғары 1 орынды иеленді.

Парниктік газдардың шығарынды көздерін жыл сайынғы түгендеу бойынша жұмыстар және парниктік газдардың паспорттарын одан әрі мемлекеттік кадастрде тіркеу үшін уәкілетті органдарға ұсыну бойынша жұмыстар жалғасын тапты. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі өткізген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» ауысуы бойынша парниктік газдар шығарындыларының жаңа стандарттары жөніндегі өткізілген жиналыстарға қатысулар болды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ұсынысы бойынша, «KazEnergy», ҚТГ қоршаған ортаны қорғау саласына қатысты Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық және заңға тәуелді актілерін қарастырды.