«ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы қызметінің 2018 жылғы қаржылық және өндірістік көрсеткіштері

«ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы қызметінің 2018 жылғы қаржылық және өндірістік көрсеткіштері

ЕТҰ бөлігіндегі негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштер

«ҚазТрансГаз» АҚ Корпоративтік орталығының негізгі қызмет түрлері газды сыртқы және ішкі нарықтарда өткізу, сондай-ақ газды өткізу, газ тарату құбыржолдарын тасымалдау және пайдалану бойынша қызметтерді жүзеге асыратын еншілес және тәуелді ұйымдарға жетекшілік ету болып табылады.

 

2016

2017

2018

2017 ж. қарай, %

Табиғи газды өткізу, млн. текше м

16 086

17 742

22 916

129%

Ішкі нарық

11 763

12 793

13 999

109%

Экспорт

4 323

4 949

8 917

180%

(Топішілік операцияларды шегермегенде)

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның орталық аппараты бойынша топішілік операцияларды алып тастамағанда табиғи газдың өткізімі 2018 жылы 22 916 млн.м3 құрады, оның ішінде экспортқа – 8 917 млн. м3.   

 

«Интергаз Орталық Азия» АҚ

«Интергаз Орталық Азия» АҚ («ИОА» АҚ) қызметінің негізгі бағыттары магистральды газ құбырлары жүйесі бойынша табиғи газды тасымалдау, жерасты қоймаларында газды сақтау бойынша қызметтер, магистральды газ құбырларын және газ тарату жүйелерін пайдалану және техникалық қызмет көрсету болып табылады.

Табиғи газды тасымалдау Түркістан, Жамбыл, Қостанай, Батыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының аумақтары бойынша жүзеге асырылады.

Табиғи газды халықаралық тасымалдау «ИОА» АҚ бизнесінің негізгі кірістік құрамдас бөлігі болып табылады.

 

2016

2017

2018

2017 ж. қарай, %

Газды тасымалдау көлемі, млн. текше м

66 788

76 564

80 134

105%

  Ішкі нарық

12 297

12 916

13 568

105%

  Экспорт

13 251

16 710

18 873

113%

  Халықаралық транзит

41 240

46 938

47 693

102%

 

 

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның негізгі қызметі – магистральды және газ тарату құбыржолдары арқылы газ тасымалдау бойынша қызметтер көрсету, маркетинг, сатып алу, газды тұтынушыларға өткізу болып табылады.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның басымдықты міндеті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бар өңірлерде барлық санаттағы тұтынушыларды (тұрғындар, коммуналдық мақсаттағы кәсіпорындар, өніркәсіптік кәсіпорындар) авариясыз, үздіксіз және қауіпсіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету болып табылады.

 

2016

2017

2018

2017 ж. қарай, %

Газды тарату арқылы тасымалдау, млн. текше м

9 217

9 597

9 848

103%

Газды магистральдық тасымалдау, млн. текше м

2 600

2 501

2 622

105%

Табиғи газды өткізу, млн. текше м

11 596

11 527

12 378

107%

 

«Амангелді Газ» ЖШС

«Амангелді Газ» ЖШС-нің қызметінің негізгі түрі газды және газ конденсатын өндіру болып табылады.

 

2016

2017

2018

2017 ж. қарай, %

Газ өндіру, млн. текше м.

327

344

349

101%

Газ конденсатын өндіру, тонна

21

21

19

90%

 

2018 жыл ішінде, өндірістік бағдарламаны, газды және газ конденсатын жоспарлық өндіру көлемі бөлігінде орындау 101% және сәйкесінше 90 % құрады.