Ұлттық газ операторы «ҚазТрансГаз» АҚ  $750 млн АҚШ доллары сомасына 4,375% пайыздық мөлшерлемесімен, 2027 жылы өтеу мерзімімен кепілдік берілген облигацияларға қатысты келісім алуға ұсыныс түскендігі  туралы хабардар етеді.

Бұл орайда, «ҚазТрансГаз» АҚ компаниясы өзінің еншілес кәсіпорындары «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мен «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС-ның 100%-ға дейінгі акцияларын немесе активтерін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның бас компаниясы немесе  оның еншілес компаниясы болып табылмайтын үшінші тұлғаға сатуды мақұлдауды және өз келісімін беруді ұсынады.

Осыған байланысты, «ҚазТрансГаз» АҚ Эмитент, «Интергаз Орталық Азия» АҚ мен банктің лондондағы бөлімшесі Citibank N.A. арасында жасалған 2017 жылғы 26 қыркүйектегі сенімгерлік басқару шартына білгілі бір өзгерістер мен толықтырулар енгізуді мақұлдауды ұсынады.

 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ішкі газды түпкілікті тұтынушыларға бөлуге жауап береді және 2018 жылдың аяғына «ҚазТрансГаз» АҚ-ның шамамен  шоғырландырылған EBITDA 12%-ын және  шоғырландырылған қарызының 15%-ын құрайды. «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС сервистік компания, 2018 жылы шоғырландырылған EBITDA 1%-дан азын құрады және берешегі жоқ.

«ҚазТрансГаз» АҚ осы мәміле 232 млн. АҚШ долларына жуық шоғырландырылған қарыз деңгейін төмендетеді деп санайды, ол өтімділіктің жалпы деңгейін барынша жақсартуға және EBITDA көрсеткішіне қолайлы әсер етеді.

Әлеуетті баға әлі жарияланған жоқ, мәмілені регулятор мақұлдауы тиіс. Облигацияларды ұстаушылардың жиналысы 2019 жылғы 1 тамызда лондондағы «Бейкер және Макензи Эл-эл-Пи» офисінде өтеді, содан кейін «ҚазТрансГаз» АҚ нәтижелерді жария етеді.

Толық ақпарат  Қазақстан қор биржасының сайтында орналасқан.