«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның қолдауымен, «ҚазТрансГаз» АҚ және «Trans-Asia Gas Pipeline Co. Ltd» бірлескен кәсіпорны – «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС (БШГҚ) 720 млн. АҚШ доллары болатын жалпы сомаға халықаралық банктермен синдикатталған қарыз тарту туралы кредиттік келісімге қол қойды.

«Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС осы қаражатты Қытай Даму Банкі мен Қытай Банкінен 2012 жылы алынған кредиттік міндеттемелерді қайта қаржыландыруға жұмсайды.  

Қаржыландыруды ұйымдастырушылар рөлінде MUFG Bank, Ltd (Жапония) және Bank of China, Ltd (ҚХР) банктер жұмыс жасады. 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен  «ҚазТрансГаз» АҚ кепілдіктері БШГҚ үшін төмендетілген пайыздық мөлшерлеме бойынша анағұрлым тартымты талаптарда қарыздық қаржыландыру тартуға мүмкіндік берді, соның нәтижесінде сыйақы төлеу бойынша шығыстар жылына 10 млн. АҚШ долларына қысқарады.

Қарызды қайта қаржыландыру еліміздегі инфрақұрылымдық ірі жобаны қаржыландыру талаптарын жақсартуға және қарыз алу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді. Осылайша, резервтік  шоттан елеулі ақша қаражаты босатылады және «тасымалда немесе төле» талаптары негізінде газ тасымалдауға шарт жасасу қажеттілігі болмай қалады.  Осы кредиттік келісім ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ-ның қарыздық жүктемесін елеулі төмендетуге ықпал ететін болады. Келесі кезекте осы қарызды валюталық тәуекелді азайту мақсатымен қарыз қаражатты теңгемен тарту арқылы қайта қаржыландыру жоспарланып отыр.   

Іргелі халықаралық банктермен қаржылық келісім жөніндегі тартымды талаптар Қазақстанның газ саласының кредиттік сенімділігі мен инвестициялық тартымдылығы жоғары бағаланатынын білдіреді. Сонымен қатар осы келісімге қол қою халықаралық қаржы институттарымен серіктестік қатынастарды дамыту тұрғысынан да аса маңызды.

Анықтама: «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ең ірі құбыр желісі болып табылады және мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруда маңызды рөл атқаруға тиіс. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ құрылысының арқасында Қазақстан 3 маңызды міндеттерді шеше алды – оңтүстікке газды тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету, елдің газ тасымалдау бірыңғай жүйесін құру және қазақстандық газды сыртқы нарықтарға экспорттауды арттыру.

Құбыр диаметрі 1067 мм газ құбырының бағыты Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағы бойынша өтеді.

«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз-қызметі  

тел: +7(7172) 55 23 16