«ҚазТрансГаз» АҚ 2019 жылдың бірінші жарты жылдығындағы жұмыс қортыныдысын шығарды. Еңбек ұжымымен есеп беру кездесуін өңірлермен онлайн-режимде, Ұлттық оператордың бас директоры Рустам Сулейманов өтізді.

Газ операторы жұмысының бүкіл процесінде оң динамика бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, магистральдық газ тасымалдау 50 078 млн м3 құрады, оның ішінде ішкі тасымалдау – 9 433 млн м3, газды экспортқа тасымалдау  - 12 699 млн. м3, ішкі нарыққа өткізілген «көгілдір отын» 11 626 млн. м3 құрады. Жарты жылдың қорытындысы бойынша табиғи газды өндіру 182 млн м3, газ конденсаты 9,3 мың тоннаны құрады.

Сонымен қатар, бас директор есепті кезеңнің негізгі оқиғаларын атап өтті. Осылайша, осы жылдың 31 қаңтарында, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының өткізу қабілетін жылына 10 млрд.м3-тен 15 млрд.м3 дейін ұлғайту жөніндегі жобаның шеңберінде салынған «Қорқыт-Ата» компрессорлық станциясын салтанатты түрде іске қосу жүзеге асырылғн болатын.

Мамыр айында, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің №169 бұйрығымен  2019 жылғы 1 шілдеден бастап 2020 жылғы 30 масымды қоса алғандағы кезеңге ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары бекітілді.

 Осы жылдың көктемінде, «Expert» рейтингтік агенттігі «Курсив» Республикалық іскери басылыммен әріптестік жағдайында Ұлттық оператор  «ҚазТрансГаз» АҚ-на айқындықты дамытуға қосқан үлесі үшін және ең үздік практиканы енгізгені үшін диплом табыстады. Рейтингтік  агенттіктің тұжырымы бойынша, «ҚазТрансГаз» АҚ-ның ашылуы міндетті ақпаратты ғана жариялап қоймай, жалпы алғанда газ индустриясына қатысты да ақпаратты жариялауға дайын екендігін ескере келе,  компания айқындықтың жоғары деңгейіне жетуге және ең үздік дүниежүзілік тәжірибеге ұмтылатынын атап өтуге болады.

«ҚазТрансГаз» АҚ-нда газды магистральдық тасымалдау жүйесін дамыту әрі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГ-ның үш  компрессорлық станциясы пайдалануға енгізілді, соған байланысты газ құбырының қуаты жылына 13 млрд.м3 дейін жеткізілді. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГ-ның вахталық кенттеріндегі құрылысы аяқталды. Үшінші газ айдау агрегатын салу жолымен TIP-02 жалғастырғышта жылына  3,5 млрд.м3 дейін СКС қуаты арттырылды.

ҚазТрансГаз» АҚ-ның инновациялық-технологиялық сектордағы жобаларын іске асыру жөніндегі жұмыстар жалғасуда. «Қарағанды көмір бассейнінің көмір қабаттарынан метан өндіру» жобасының геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу аясында «ҚазТрансГаз» АҚ АҚШ, ҚХР, Польша зертханаларында кернді іріктеу және зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, 3 барлау және 5 іздестіру-бағалау ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарын орындады. Ұңғымаларды интенсификациялау және зерттеп игеру жұмыстары жүргізілуде және тәжірибелік-өнеркәсіптік ұңғымаларды салу аяқталды. Бұған қоса, «Шерубайнұра учаскесінің көмір қабаттарынан метанды өндірістік өндірудің перспективтілігін бағалаудың технико-экономикалық есебі» орындалды, көлденең ұңғымаларды бұрғылау ұсынылды.

 «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ КҚМ өндірудің ұтымды әдісін анықтау мақсатында көлденең, көп кенжарлық ұңғымаларды салуды жүргізумен қоса 2019-2021 жылдарға арналған қосымша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді мақұлдады.

Рустам Сулейманов жеке әлеуметтік мәселелерге де тоқталып өтті. Ол 2019 жылдың бірінші жарты жылдығындағының қорытындысы бойынша, компания қызметкерлеріне бекітілген бизнес-жоспарға сәйкес әлеуметтік қолдау көрсетілді деп атап өтті.  Сауықтыруға арналған материалдық көмектен басқа, қызметкерлерге ерекше жағдайларда материалдық көмек көрсетілді, әлеуметтік жәрдемақы төленді.

 «ҚазТрансГаз» АҚ-нда қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінеді, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жүргізіп отырған саясат пен оның тапсырмаларының аясында 2019 жылдың бірінші жарты жылдығындағында еңбекті қорғау, денсаулық және экология саласында бірқатар іс-шаралар өткізілді.

ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Рустам Сулейманов сондай-ақ 2019 жылдың екінші жарты жылдығына арналған негізгі міндеттер мен жоспар туралы айтып өтіп, «ҚазТрансГаз» АҚ бұдан былай да барлық белгіленген жоспарлар мен стратегиялық міндеттерді іске асыруды жалғастырады деп хабарлады.