• "Алматы қаласын газдандыру, Алматы қаласындағы газ тарату желілерін жаңғырту, реконструкциялау»;
  • "Жамбыл облысы Қордай ауданының 5 елді мекеніне (Масаншы, Қаракемер, Сортөбе, Бұлар батыр, аухатты) жеткізуші газ құбырын салу";
  • Нұр-Нұлтан қаласында 2-кезектегі 1 және 2 іске қосу кешендерінің газ тарату желілерін салу.

 

 

"Алматы қаласын газдандыру, Алматы қаласының газ тарату жүйелерін жаңғырту, реконструкциялау" жобасы

Жобаны іске асыру мерзімі – 2018-2021жж.

Құны - ҚҚС-сыз 11 192 млн.теңге.

Жобамен қазіргі уақытқа дейін газбен жабдықтау жүйесіне қосылмаған Алматы қаласының тұрғын аудандарын/жеке үйлерімен учаскелерін газдандыру, сондай-ақ Алматы қаласының қолданыстағы газ тарату желілерін қайта жаңарту көзделген. Жоба қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді, орташа жылдық тұтынуы 15,8 млн.м3 газды құрайтын 4 100 жаңа абонентті қосуға мүмкіндік береді. 2021 жылдың басында 1846 үй қосылған, қалған 2254 үй де газға қол жеткізе алады және мүмкіндігіне қарай қосылатын болады.

01.01.2021 ж. жағдай бойынша 262 км жаңа газ құбырлары салынды және 58 км қолданыстағы газ құбырлары қайта жаңартылды, 30 шкафты газ реттеу пункті, 1 газ реттеу блок пункті орнатылды. 2021 жылдың соңына дейін 40 км газ құбырын, 4 шкафты газ реттеу пунктін қайта жаңарту жоспарлануда.

 

Жамбыл облысы Қордай ауданының 5 елді мекеніне (Масаншы, Қаракемер, Сортөбе, Бұлар батыр, Аухатты) жеткізуші газ құбырын салу

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Жамбыл облысы Қордай ауданына сапары барысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде ҚТГ өз қаражаты есебінен Қордай ауданының бес елді мекеніне (Масанчи, Сортөбе, Қаракемер, Аухатты, Булар батыр) жалпы ұзындығы 42 км газ құбырын тарту және "Қордай-Шу" автоматты газ тарату станциясын қайта жаңарту жұмыстарын аяқтады.

Нәтижесінде жобаны іске асыру Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп, халқының саны 62 мыңнан асатын 10 елді мекенді: 7177 тұрғын үйді, 29 әлеуметтік сала объектісін, 243 шағын және орта кәсіпкерлік объектісін табиғи газбен қамтамасыз етті. Тағы 7 елді мекенді газдандыру перспективасы бар. Жұмыстар 2020 жылдың маусым-қазан айлары аралығында орындалды.

 

Нұр-сұлтан қаласында 2-кезектегі 1 және 2 іске қосу кешендерінің газ тарату желілерін салу

1-ші іске қосу кешені шеңберінде АГТС-2-ден "Восток" бас газ тарату пунктіне (ҚГТП) және "Оңтүстік-шығыс" ҚГТП газ беру қамтамасыз етіледі, 2-ші іске қосу кешені шеңберінде "Восток" ҚГТП-дан Интернациональный, Мичурино, Күйгенжар тұрғын аудандарына және қазандықтарға газ беру қамтамасыз етіледі.

83,7 км газ құбырларын салу, 5 газ тарату блоктық пункттерін және 8 газ тарату шкафтық пункттерін орнату жоспарланып отыр. Барлық жұмыстарды 2021 жылғы 31 тамызға дейін аяқтау көзделіп отыр.