Экспорттық әлеуетті кеңейту мақсатында мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда:

  • "Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырын салу»;
  • "Бейнеу-Бозой-Шымкент" МГҚ-да төрт компрессорлық станция салу";
  • "Қашаған" СТГҚ-дан "Мақат-Солтүстік Кавказ" МГҚ-ға дейін компрессорлық станциямен МГҚ салу".

 

"Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырын салу" жобасы

Жобаны іске асыру мерзімі - 2011-2022жж.

Құны - ҚҚС-сыз 689 201 млн.теңге.

Жобаның мақсаты - Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерінің газ қажеттілігін тұрақты қамтамасыз ету, импорттық газға тәуелділікті азайту және Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Газ құбыры бағыты Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстарының аумағы арқылы өтеді және мынадай негізгі техникалық сипаттамаларға ие:

1 кезең – 2012-2019жж., өткізу қабілеті жылына 6 млрд. м3 дейін;

2 кезең – 2013-2019жж., өткізу қабілеті жылына 10 млрд. м3 дейін;

3 кезең –2018-2022жж., өткізу қабілеті жылына 15 млрд.м3 дейін.

 

"Интергаз Орталық Азия" АҚ салған ұзындығы 1 450 км газ құбырының желілік бөлігі (бір желілік орындауда), вахталық кент, газ өлшеу станциялары, трасса бойындағы өткел, екі "Бозой", "Қараөзек" компрессорлық станциялары және төрт қосымша "Түркістан", "Арал", "Қорқыт-Ата", 1 "А" компрессорлық станциялары пайдалануға берілді.

2020 жылы келесі іс-шаралар орындалды:

- "Бейнеу-Бозой-Шымкент" МГҚ өткізу қабілетін жылына 15 млрд. м3 дейін ұлғайту" жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу аяқталды;

- "Түркістан" КС сатып алынды.

2021 жылы "Бейнеу-Бозой" учаскесіндегі трасса бойындағы жолдың, телекоммуникация жүйесі мен СКАДА, Бейнеу газ өлшеу станциясының құрылысын аяқтау және "Бозой" компрессорлық станциясы мен "Бейнеу" газ өлшеу станциясын кеңейту жөніндегі жұмысты бастау жоспарлануда.

Қазіргі уақытта covid-19 пандемиясына байланысты іске асыру мерзімдерінің өзгеруін және "Интергаз Орталық Азия" АҚ-тан төрт компрессорлық станцияны сатып алуды ескере отырып, жобаны түзету бойынша корпоративтік рәсімдер жүргізілуде.

 

"Бейнеу-Бозой-Шымкент" МГҚ 4 (төрт) компрессорлық станция салу" жобасы

Жобаны іске асыру мерзімі – 2018-2020 жж.

Нақты құны - ҚҚС-сыз 192 747 млн.теңге.

Жоба "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының өткізу қабілетін жылына            10-нан 15 млрд.м3-ге дейін ұлғайту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде іске асырылады.

2019 жылдың ақпан айында "Бозой-Шымкент" МГҚ учаскесінде "Арал", "Қорқыт-Ата" және "Түркістан"компрессорлық станциялары пайдалануға берілді. "Бейнеу-Бозой-Шымкент" МГҚ газ құбырының қуаты жылына 13 млрд.м3 дейін жеткізілді.

2020 жылғы 29 сәуірде "Бейнеу-Бозой" МГҚ учаскесінде соңғы төртінші "1А" компрессорлық станциясы пайдалануға берілді. Төртінші компрессорлық станцияның іске қосылуымен ҚТГ ішкі нарыққа, сондай-ақ экспортқа газ жеткізудің жоғары сенімділігін қамтамасыз ете отырып, "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырының өткізу қабілетін жылына 15 млрд.м3 деңгейіне дейін арттыру жөніндегі ауқымды жобаны іске асыруды аяқтады.

 

"Қашаған" СТГҚ-дан "Мақат-Солтүстік Кавказ" МГҚ-ға дейін компрессорлық станциямен МГҚ салу" жобасы

Жобаны іске асыру мерзімі-2020-2021 жж.

Нақты құны - ҚҚС-сыз 56 512 млн.теңге.

Жоба қосымша 1 млрд.м3 шикі газды қайта өңдеу қондырғысының құрылысын ескере отырып, Қашаған кен орнында өндіруді ұлғайту жөніндегі кешенді мәселенің бір бөлігі болып табылады.

2020 жылғы 16 наурызда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ИК-да жобаны дәйекті іске асыру мақұлданды, 2021 жылғы маусымның соңына дейін аяқтау мерзімімен ЖСҚ әзірлеуге 602 млн.теңге сомасы мақұлданды.