Қазіргі кезде ресурстық базаны кеңейту үшін төменде көрсетілген инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстарын жүргізіп жатыр:

  • «Газ кен орындарының Амангелді тобын игеру»;
  •  «Қарағанды көмір бассейнінің көмір қабатының метанын өндіру (геологиялық барлау жұмыстары)».

 

«Газ кен орындарының Амангелді тобын игеру» жобасы

Қазақстан Республикасының газ саласын дамыту бағдарламасына сәйкес республиканың оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын газбен қамтамасыз ету және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ҚТГ 2000 жылғы 12 желтоқсандағы көмірсутек шикізатын бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт негізінде Жамбыл облысындағы Амангелді газ кен орындары тобын игеруді жалғастыруда.

Жоғарыда көрсетілген келісімшарттың қолданылу мерзімі – 2031 жылға дейін.

Жобаны іске асыру шеңберінде Амангелді кен орнын өнеркәсіптік пайдалану және Амангелді тобының басқа да кен орындарын игеру геологиялық барлау және сейсмикалық жұмыстарды жүргізумен, қорларды есептеумен және қайта есептеумен, сынамалы пайдалану жобаларын, өндіруші ұңғымалар құрылысының жобаларын және кен орнын жайластыру объектілерін әзірлеумен кешенді жүзеге асырылады. Амангелді тобының кен орындарында табиғи газдың бекітілген алынатын қорлары 23 011 млн.м3 құрайды.

2008 жылдан бастап Амангелді кен орны өнеркәсіптік игеру кезеңіне өтті. Қазіргі уақытта 34 ұңғыма пайдаланылуда.

2018 жылғы 24 ақпанда Жарқұм кен орны өнеркәсіптік игеру кезеңіне өтті. Қазіргі уақытта 6 ұңғыма пайдаланылуда.

2017 жылдың қыркүйегінен бастап Айрақты кен орны тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға берілді. № №101-107 жаңа ұңғымаларды бұрғылау нәтижелерінің негізінде 3D сейсмикалық барлау жұмыстары материалдарының құрылымдық және динамикалық интепретациясы жаңартылды, 3D сейсмика материалдарын қайта өңдеу және қайта түсіндіру бойынша есеп жасалды, есеп "Оңтүстікқазжерқойнауы" геология МД ОҚ кеңесінің отырысында назарға алынды (15.12.2020 ж. №854 хаттама).

"Амангелді Газ" ЖШС барлау активтері Анабай-Малдыбай, Барханная-Сұлтанқұдық, Құмырлы-Қосқұдық, Үшарал-Үшарал Солтүстік және Кемпіртөбе учаскелерінен тұрады.

Бархан-Сұлтанқұдық құрылымында жалпы көлемі 690 шаршы км МОГТ-3D сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізілуде.

Өнеркәсіптік игеру басталғаннан бері Амангелді кен орнында 5,25 млрд.м3 табиғи газ және 373,07 мың тонна газ конденсаты өндірілді, оның ішінде 2020 жылы 286,18 млн. м3 табиғи газ және 14,78 мың тонна газ конденсаты өндірілді.

Жарқұм кен орнын пайдалану басталғаннан бері 76,58 млн.м3 табиғи газ және 566 тонна газ конденсаты өндірілді, оның ішінде 2020 жылы 7,87 млн. м3 табиғи газ және 54 тонна газ конденсаты өндірілді.

Айрақты кен орны пайдаланыла бастағаннан бері 114,67 млн.м3 табиғи газ және 1516 тонна газ конденсаты өндірілді, оның ішінде 2020 жылы 31,70 млн. м3 табиғи газ және 327 тонна газ конденсаты өндірілді.

2020 жылы "Амангелді Газ" ЖШС бойынша 325,75 млн.м3 табиғи газ, 15,16 мың тонна газ конденсаты өндірілді.

 

"Қарағанды көмір бассейнінің көмір қабаттарынан метан өндіру" жобасы (геологиялық барлау жұмыстары)

Жоба Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмаларына (26.01.2010 ж. №747 және 10.04.2012 ж. №61-24-39-3)сәйкес жүзеге асырылады.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ 31.10.2013 ж.шешімімен ҚТГ жоба операторы болып белгіленді.

2015 жылғы 03 сәуірде "Сарыарқа" ӘКК АҚ мен ҚТГ арасында жобаны бірлесіп іске асыру туралы келісім жасалды (I кезең - ҒЗТКЖ шеңберінде геологиялық барлау жұмыстары).

2015-2020 жылдары барлығы келесі жұмыс түрлері орындалды:

- 9 ұңғыманы бұрғылау, оның ішінде: 3 барлау, 5 іздеу және 1 тәжірибелік-өнеркәсіптік;

- қойнауқаттарды интенсификациялау (ГРП) және игеру, алынған газ ағыны;

- АҚШ, ҚХР, Польша зертханаларында негізгі үлгілерді зерттеу;

- КҚМ өндіру перспективтілігін бағалау бойынша техникалық-экономикалық есеп (ТЭЕ) ;

- бұрғыланған ұңғымаларды жылдық зерттеу;

- учаскенің КҚМ қорларын жедел есептеу (С2 санаты бойынша – 5,7 млрд. м3);

- Шерубайнұра учаскесіндегі барлау жұмыстарының жобасы;

- 4 ЖСҚ - №Ш-12, №Ш-13, №Ш-14 және №Ш-15 ұңғымаларының құрылысына техникалық жобалар;

- Шерубайнұра учаскесіндегі барлау салдарын жою жобасы.

2020 жылғы 03 қарашада ҚТГ ИК (№22 хаттама) және 2020 жылғы 22 желтоқсанда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ИК шешімдерімен (№16-20 хаттама) жобаны іске асыруды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

 

«Қансу» жобасы

2015 жылғы 21 қазанда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (№14/2015 хаттама 17-тармақ) "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-тың 100% қатысу үлесін ҚТГ пайдасына иеліктен шығару туралы мәселе мақұлданды.

2016 жылғы 19 қаңтарда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Жалғыз қатысушысының ҚТГ-ға ауысуына байланысты Ақтау қаласының Әділет басқармасында "ҚМГ-Қансу Оперейтинг" ЖШС қайта тіркелді.

2016 жылғы 30 мамырда 01.10.2013 ж. №3949-КСҚ №2 келісімшартқа Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және "ҚМГ-Қансу Оперейтинг" ЖШС арасында Маңғыстау облысында орналасқан Қансу учаскесінде көмірсутекті шикізатты барлауға келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы толықтыруға қол қойылды.

2016 жылғы 22 қыркүйекте ҚР ЭМ пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссиясының отырысында қаралып, келісілді және ҚР ЭМ "Қансу учаскесіндегі мұнай мен газға іздестіру жұмыстарының жобасына №1 толықтыру" жобасы (бұдан әрі – ІЖЖТ) бекітуге қабылданды.

Бекітілген ІЖЖТ сәйкес 2016-2019 жылдарға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізілді.

2019 жылғы 07 ақпанда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ИК "Қансу" жобасынан шығу және жоғары геологиялық, экологиялық тәуекелдерге және экономикалық рентабельділікке байланысты Серіктестікті тарату туралы шешім қабылдады.

2019 жылғы 01 қазанда Қансу учаскесінде көмірсутек шикізатын барлауға арналған 01.10.2013 жылғы №3949-КСҚ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталды.

Қазіргі уақытта келісімшарттық аумақты және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты мемлекетке қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.