Энергетикалық ресурстарды пайдалану және энергияны үнемдеу

ҚТГ энергияны үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру саясатын жүргізеді.  ҚТГ компаниялар тобының газды тасымалдау, тарату, өндіру, және жер асты сақтау бойынша ЕТҰ-ның энергияны үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру  саласындағы қызметінің бағыттары   ЕТҰ-ның энергияны үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру туралы іс-шараларында айқындалған.

Энергияны үнемдеу бойынша негізгі іс-шаралар мыналар болып табылады:

  1. «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтау» МГҚБ «Амангелді Газ» өндірісінде және «Бейнеу» КС-да  реактивтік  қуаттың автоматтық өтелуі;
  2. Электрлі жетектік газ айдағыш агрегаттардың режимдерін, компрессорлық станциялардың жұмыс режимі бойынша электр жабдығының схемаларын, оның ішінде турбокомпрессорлық цехтардың резервтік қуат көздерінің қуат трансформаторларын ажыратуды оңтайландыру;
  3. «Интергаз Орталық Азия» АҚ газ турбиналы жетекті компрессорлық станцияларының жүктемесін оңтайландыру;
  4. «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» МГҚБ Мақат ЖӨБ «Мақат» КС №5 ГАА  ТКЦ-4 газ айдағыш агрегатын күрделі жөндеу;
  5. «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» МГҚБ Редутский ЖӨБ «Тайман» КС №5 ГАА  ТКЦ-4 газ айдағыш агрегатын күрделі жөндеу;
  6. «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтау» МГҚБ Опорненский ЖӨБ «Опорный» КС ГТ-750-6 типіндегі ТКЦ-1 №3,4 өстік компрессорлық ГАА-ны тазарту жүйесін енгізу;
  7. «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» МГҚБ электрлі жетекті газ айдағыш  агрегаттардың жұмыс режимдерін оңтайландыру; 
  8. ЕТҰ турбокомпрессорлық цехтарында АВО-газ электр қозғалтқыштарын, қуатты трансформаторларды (резервтік) ажыратумен электр жабдығы жүйелерін оңтайландыру;
  9. ЕТҰ әкімшілік және өндірістік үй-жайларында түнгі уақытта, демалыс және мереке күндерінде қазандық агрегаттарының жұмыстары режимдерін реттеу;
  10. «Интергаз Орталық Азия» АҚ магистральдық газ құбырының желілік бөлігінде 18 бірлік санда ескірген электрлі химиялық қорғау катодтық станцияларын ауыстыру.

Энергия тиімділігі көрсеткіштерін жақсарту газ тасымалдаудың оңтайлы режимдерін қолданумен және энергияны үнемдеу бойынша іс-шараларды жүргізумен шарттасылған.

2020 жыл үшін ҚТГ компаниялар тобы бойынша отын-энергетикалық ресурстарды (бұдан әрі - ОЭР) тұтыну көлемі мыналарды құрады: 1325992,06  тонна үлестік отын (990749,56 мың. м3, 80,74 млн. кВт*с, ЖЖМ 6194,2 т.ү.о.) 2019 жылғы 1815052,52 тонна үлестік отынмен (т.ү.о) салыстырғанда (1528877,45 мың. м3, 92,46 млн. кВтс, ЖЖМ 6660,33 т.о.т.)  салыстырғанда 36,9%-ға төмендеді.

2020 жылы  табиғи газды, электр энергиясын және ЖЖМ-ны тұтыну көлемі мыналардың есебінен қысқартылды:

  • Сығымдалған табиғи газды (СТГ) және сұйытылған көмірсутегі газын (СКГ)  пайдаланумен байланысты ЖЖМ шығындауды үнемдеу;
  • 4,0 МВт-қа дейін бірыңғай қуатты электр жетекті газ айдағыш агрегаттардың жұмыс режимі есебінен электр энергиясын шығындауды үнемдеу;
  • КС газ айдағыш агрегаттары жұмысының режимі есебінен газ шығындауды үнемдеу.

2020 жыл үшін дерекөздер бойынша бөліністе үдетілетін (өндірілетін) жаңартылатын энергияның жалпы  көлемі мыналарды құрады:

1. Жылу сорабымен геотермалдық (жылу) энергия өндіру – 625,8 Гкал.

2. Күн панельдерімен электр энергиясын өндіру – 111 352 кВт*сағ.

3. Термоэнергиялық генераторлармен электр энергиясын өндіру (ТЭГ - Ренкин циклі) – 1 154 510 кВт*сағ.

Жалпы тауарлық өнімдер өндірісінің үлестік энергетикалық шығындары, 2020 жылы газ тасымалдаудағы энергияның тиімділік көрсеткіші  0,0163 түо /мың теңгені құрады, 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (0,0140 түо/мың теңге) 14 %-ға ұлғайған. Бұл ретте, 2019 жылы табиғи газды тұтыну көлемдерінің ұлғаюы  «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ «Қазақстан-Қытай» МГҚ бойынша газ көлемдерінің өсуімен байланысты. Энергия шығындарының үлестік деңгейінің төмендеуі «Қазақстан-Қытай» МГҚ,  «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ және «БГА-ТБА» МГҚ магистральдық газ құбырларының транзиттік әлеуетін дамытумен байланысты байланысты.

ҚТГ компаниялар тобы бойынша  2015-2020 жж. энергия үнемдеу әлеуеті  71643,404 т.ү.о. құрады. 

ҚТГ компаниялар тобы бойынша отын-энергетикалық ресурстарды (ОЭР) үнемдеу мыналарды құрады:

2016ж. – 9363,94 т.ү.о. (4993 мың кВт*сағ., 7478,346 мың м3);

2017ж. – 9305,46 т.ү.о. (3393,2 мың кВт*сағ., 6500,5 мың м3);

2018ж. – 12552,32 т.ү.о. (4946 мың кВт*с, 9620,8 мың м3);

2019ж. – 10538,27 т.ү.о. (4752 мың кВт*с, 8507,5 мың м3);

2020ж. – 14055,284 т.ү.о. (2001,02 мың кВт*с, 11802,70 мың м3).

ЖЭР үнемдеудің жыл сайынғы өсімі  табиғи газды, электр энергиясын тұтынуды төмендетуге бағытталған энергия үнемдейтін іс-шараларды қолдану есебінен шарттасылған.

«Бейнеу-Бозой-Шымкент»  МГҚ өткізу қабілеттілігін кеңейту бойынша  жоба шеңберінде атмосфераға жайылатын зиянды заттар санын төмендететін құрғақ шығарындыларды бәсеңдететін жүйемен «Үстірт» компрессорлық станциясы салынды. Сонымен қатар, басқа да «Арал», «Қорқыт Ата» және «Түркістан» үш компрессорлық станцияда рұқсат етілген экологиялық стандарттарды есепке алумен әзірленген.

«Toyota Hilux»  төбелік және бамперлік типтегі автомобиль базасында «ДЛС-Пергам»» газдың шығуын табатын мобильдік кешен» - метанның қашықтықтан дабыл берушісі  қашықтықтан әдісімен, сынамалар алусыз, қосымша зондтарсыз және өлшеу кюветтерінсіз периметрі 60 метр табиғи газдың шығып тұрған жерін анықтауға арналған. «ДЛС-Пергам» жұмыс істеген уақытында 3963 газдың шығуы анықталды  (31.12.2020 ж. жай-күй бойынша).

Алдыңғы жылдары ЕТҰ-да енгізілген ЖЭК тиімді жұмыс істейді: DLE шығарындыларының төменгі деңгейімен жану жүйесімен газ айдаушы агрегаттар  (ГАА); реактивті қуатты  өтеуге арналған өтеуші құрылғылар (электр желілерінің реактивті параметрлері); «Waterkotte» типті геотермалды жылу сораптары; монокристалды күн панельдері (батареялары); термоэлектрогенераторлар (Closed cycle vapor turbogenerator) және автономды режимде жұмыс істейтін блокты жиынтықты электростанциялар (Capstone); энергия ресурстарын есепке алудың кешенді автоматтандырылған жүйесі (ЭЕКАЖ), энергияны үнемдейтін жарық беретін жарық көздерін қолдану.

Энергия ресурстарының құнын болжамды ұлғайтуды (табиғи газ, электр энергиясы, ЖЖМ), сондай-ақ оларды тұтынудың өсуін есепке ала отырып «ҚазТрансГаз» АҚ барлық  ЕТҰ  үшін жалпы міндеттер ОЭР-ға шығындарды энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділіқті арттыру бойынша экономикалық ақталған іс-шараларды  іске асыру есебінен төмендету болып табылады.

Жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалану саласындағы  нормативтік және нормативтік-құқықтық құжаттаманы әзірлеу және жетілдіру инвесторларға салынған инвестицияларды қайтаруға және тиісінше, Қазақстан Республикасының аумағында ЖЭК пайдалану саласындағы жобаларды іске асыру және дамыту үшін әлеуетті инвесторларды тартуға мүмкіндік беретін қолдау механизмін құруы тиіс.

 

Қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау

ҚТГ компаниялар тобы өндірістік объектілерінде еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бойынша жұмыс қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамалық, нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық актілеріне және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ішкі нормативтік актілеріне, бекітілген 2020 жылғы Еңбекті қорғау, Өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша жұмыстар жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында ҚТГ компаниялар тобында қауіпсіздік және еңбнкт қорғау жөнінде кеңейтілген мәжіліс өткізілді. ЕТҰ еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау департаменттері/қызметтері басшыларының еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласында атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Есептер оң қабылданды, бұл ретте хаттамалық шешіммен жоғарыда көрсетілген  жұмыстарды жақсарту үшін одан әрі міндеттер белгіленді.

ҚТГ компаниялар бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы  «Алтын қағидалар» Жұмыскерлер кодексі орындалуда.

 

Еңбекті қорғау

Еңбекті қорғау және қоршаған орта жөнінде 100% есептіліктің ашықтығына қол жеткізілді, олар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ҚТГ компаниялар тобы өндірістік объектілерін барып (іріктеп) тексеру  нәтижелері бойынша қорытындыларымен расталады. ҚТГ компаниялар тобы бойынша есептіліктің ашықтығын қамтамасыз ету ДЕКАЖ бағдарламасында оқиғалардың барлық түрлері бойынша расталған есептерді уақтылы енгізу жолымен жүзеге асырылады.

Еңбекті қорғау саласындағы заңнама талаптарына сәйкес көп деңгейлі бақылау, оқыту және білімдерін тексеру, еңбек талаптары бойынша объектілерді аттестаттау, еңбектің санитарлық-гигиеналық талаптарын жасау, арнайы киіммен қамтамасыз ету, жазатайым жағдайлардан сақтандыру, медициналық және заттай куәландыру бойынша шаралар жүргізілді. 

Есептік кезеңде ҚТГ компаниялар тобы  бойынша өндірістік қызметпен байланысты жазатайым жағдайлар жоқ!

 

Өрт қауіпсіздігі

ҚТГ компаниялар тобының объектілерінде есептік кезеңде мынадай өртке қарсы іс-шаралар жүргізілді: өрттен қорғайтын өңдеу, жөндеу, өрт сөндіргіштерді куәліктендіру және қайта зарядтау,өртке қарсы шараларға персоналды оқыту және нұсқаулық беру, автоматты өрт сөндіру және дабыл беру жүйелерін монтаждау, өртке қарсы автоматика, монтаж жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және өртке қарсы сумен жабдықтауды жөндеу.

Объектілерді өрттен қорғауға шарттар жасалды.

 

Өнеркәсіптік қауіпсіздік

ҚТГ компаниялар тобы бойынша есептік кезеңде мынадай іс-шаралар жүргізілді: құбырларды дигностикалау, құбырлардың ақаулы учаскелерін ауыстыру, крандарды ауыстыру, құбырларды оқшаулауды ауыстыру, персоналды оқыту және білімін тексеру, өндірістік объектілерді декларациялау, өндірістік бақылау.

Фонтанға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, объектілерді құқыққа қарсы әрекеттерден қорғауға  шарттар жасалды.

 

Қоршаған ортаны қорғау

2020 жылы қоршаған ортаға жүргізілген мониторинг нәтижесінде қоршаған ортаға эмиссияға берілетін рұқсаттарды асыру байқалмады. Табиғатты қорғау іс-шараларының стратегиялық жоспарлары ауа бассейнін қорғауды, су және жер ресурстарын, флоа мен фаунаны үнемді пайдалануды, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын дұрыс қарауды, басқару жүйелерін және анағұрлым қол жетімді  технологияларды енгізуді, ғылыми-зерттеу және жобалық-зерттеу жұмыстарын, радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздікті, сондай-ақ экологиялық насихаттау мен жариялауды көздейтін тоғыз негізгі бөлімді қамтиды. Мысалы, компания жүргізген газ тарату жүйелерін жаңғырту ластайтын заттардың және  парниктік газдардың шығарындыларын елеулі төмендетуге әкеледі. Атмосфералық ауа және ағынды суларды үздіксіз мониторингтеу қоршаған ортаның жай-күйін  бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

Парниктік газдардың шығарындыларының көздерін жыл сайынғы түгендеу және уәкілетті органға мемлекеттік кадастрда одан әрі тіркеу үшін парниктік газдардың паспорттарын ұсыну бойынша жұмыс жалғастырылуда.   

 

Есептік кезеңде  ҚТГ компаниялар тобы бойынша қоршаған ортаны  қорғауға қатысты айппұлдар жоқ.