ҚТГ, бизнестің әлеуметті жауапкершілігін түсіне отырып, әлеуметтік өрлеуге және қоғамның әл-ауқатының өсуінеөңірлер халқының тұрақты дамуына және әл-ауқатына жәрдемдесуге, өз жұмыскерлерінің әл-ауқат деңгейінің артуына барлық күш-жігерін салады.  ҚТГ саясатының негізі – әрбір жұмыскерге қамқор болу, әлеуметтік мәселелерді шешуге басымдық беру.

Бүгінгі күнгі өзгерістер уақытында сыртқы ортаның жағдайларына ұйымдастыруды сәйкестендіруді қамтамасыз ететін инновацияларды уақтылы енгізу қажеттілігі бар. Бұл ретте кадрлық саясат, жұмыскердің мүлтіксіз және тұрақты болуы тиіс негізгі мүдделерін (мысалы, еңбекпен қамту саясаты, еңбекке ақы төлеу) қозғайтын кадрлық саясат бөлігінен басқа сыртқы ортаны ұдайы өзгертетін жаңа талаптарға жауап ретінде іске асыру шарасы бойынша пысықталады. 

Кадрлық саясат қолданыстағы тәсілдерді, жолға қойылған әдістерді және персоналмен жұмыс саласындағы үздік тәжірибені есепке алумен кадрлық менеджмент құралдарын іріктіруге бағытталған, осылайша  персоналды басқару саласындағы ҚТГ құндылықтарының корпоративтік жүйесін әзірлеуге және бірыңғай тәсілді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Әзірленетін кадрлық саясаттың негізіне мынадай базалық қағидаттар салынған:

  • Ашықтық – адами ресурстарды басқарудың барлық процестеріндегі ашықтық;
  • Кешенділік – персоналды басқару қызметінің барлық салаларын қамту;
  • Жүйелік – өзара байланыста саясаттың барлық құрамдас элементтерін қарастыру;
  • Негіздемелілік – барынша экономикалық және әлеуметтік әсерді қамтамасыз ететіндей персоналды басқару саласындағы қазіргі замандағы ғылыми әзірлемелерді пайдалану;
  • Тиімділік – персоналды басқару саласындағы іс-шараларға шығындар өндірістік қызмет нәтижелерімен ақталуы тиіс.
     



    Компаниялар тобы жұмыскерлерін әлеуметтік қорғау

    ҚТГ компаниялар тобы ұжымдарда салауатты жұмыс микроклиматын жасауға бағытталған әлеуметтік сипаттағы өсімге үлкен назар аударады, бұл жұмыскерлерге өздерінің негізгі функцияларын сәтті орындауға мүмкіндік береді. ҚТГ жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсету саласында бірыңғай корпоративтік саясатты айқындайды және қомақты үлесті материалдық көмек, әлеуметтік қызметтер пакеті құрайтын әлеуметтік сипаттағы төлемдерге үлкен назар аударады. 

    ҚТГ өз жұмыскерлеріне медициналық сақтандыруды, өтемақыны және материалдық көмекті қамтитын, оның ішінде еңбек демалысы кезеңінде жұмыскерлерінің емделуіне және сауықтырылуына және басқа да көптеген қызметтерге әлеуметтік қызметтер пакетін ұсынады.Ұжымдық шарттар негізінде және 2020 жылы ҚТГ компаниялар тобы жұмыскерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларының негізінде материалдық көмектің мынадай негізгі түрлері төленді:
    - демалыста сауықтыруға материалдық көмек – 4 143 184 мың теңге;
    - баласы туған кезде – 156 796 мың теңге;
    - жұмыскер отбасы мүшелері қайтыс болуымен байланысты  – 3 355 мың теңге;
    - жұмыскердің қайтыс болуымен байланысты бір реттік төлем – 1 779 мың теңге;
    - жүктілік және бала туу бойынша , жаңа туған ұл және қыз балаларды асырап алу  бойынша әлеуметтік көмек – 21 789 мың теңге;
    - өзге де төлемдер (некеге тұрған кезде, зейнетке шыққан кезде, мерейтойлық туған күндерде және басқалары– 71 372 мың теңге.

     

     

    Еңбек жағдайының, жұмыскерлер мен олардың отбасыларының өмірінің сапасы

     

Еңбек жағдайының, жұмыскерлер мен олардың отбасыларының өмірінің сапасын қамтамасыз ету үшін ҚТГ компанияларының бюджеттік топтарына жыл сайын Қазақстанның ең үздік медициналық жұмыскерлерінің үлкен спекторын қамтитын ерікті медициналық сақтандыруға қаражат аударылады. Бұл ретте жұмыскерге медициналық қызмет көрсету бағдарламасында медициналық қызметтердің барлық спекторын ұсынумен қатар сол талаптарда оның отбасына да (жұмыскердің ата-аналары, әйелі/күйеуі және балалары) қызмет көрсету көзделген. Бұған қоса сақтандыру компаниясының  ұсынылатын қызметтер шеңберінде физиологиялық жүктілік патронажы да көзделген.
          Осылайша 2020 жылы ҚТГ компаниялар тобы есебінен  1 346 млн. теңге жалпы сомаға медициналық сақтандыру, оның ішінде «ҚазТрансГаз» АҚ жұмыскерлерін сақтандыруға 57 млн. теңге медициналық сақтандыру жүзеге асырылды.
          Белгілі болғандай, газ саласы жұмыскерлерінің жұмысы көп жағдайда магистральдық газ құбырларымен және ол бір жағынан суық климатикалық жағдайлармен (ауыз су жағдайымен, құмды дауылмен және т.б.), екінші жағынан транзиттік газ құбырлары жиі елдің экологиялық қолайсыз өңірлерінде өтетіндігімен байланысты.
          «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Арал өңірі тұрғындарының негізгі жалақысына 20%-дан 50%-ға дейін мөлшерде экологиялық коэффициент аударылады, сондай-ақ 6 күннен 12 күнге дейін санда қосымша демалыс беріледі. Жұмыскерлердің ауыруының алдын алу, сондай-ақ демалыс кезеңінде оларды емдеу және оңалту бойынша жұмыс жүргізіледі.
          ҚТГ қомақты үлесті әлеуметтік төлемдер мен кепілдіктер құрайтын әлеуметтік сипаттағы төлемдердің өсуіне үлкен назар аударылады. Бәрінен бұрын, олар ұжымдарда әлеуметтік серіктестік негіздерінде салауатты жұмыс микроклиматын құруға бағытталған, бұл жұмыскерлерге өздерінің негізгі функцияларын сәтті орындауға мүмкіндік береді.
        Сонымен қатар ҚТГ жұмыскерлердің кәсіптік одақтарының қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді, олардың жұмысының шеңберінде жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасында жұмыскерлерге әлеуметтік кепілдемелерді, төлемдерді, өтемақыларды және жеңілдіктерді көздейтін еңбек заңнамасымен белгіленгендерден айтарлықтай асатын ұжымдық шарттар жасалды, мысалы, мынадай. 
          - бірінші некеге тұруымен, баласының тууымен байланысты, жақын туысының қайтыс болуымен байланысты жерлеуіне  және т.б. төлемдер;
          - жоғарыда көрсетілген жағдайлармен байланысты қосымша ақы төленетін демалыстар;
         - компания жұмыскерлерінің балаларына сауықтыруға арналған балалар лагерлері;
         - және көптеген басқада шаралар.

 Компаниялар тобы жұмыскерлерін даярлау, оқыту және біліктілігін арттыру

           Персоналдың қозғалысы барынша болжалынған, жоспарланған және компанияны дамытудың жалпы тұжырымдамасына сәйкес болуы тиіс екендігін назарға ала отырып, оның кадрлық әлеуетін күшейту үшін барлық мынадай мүдделі тараптары үшін жалпы кешендік тәсіл қажет:  студенттер, білім беру ұйымдарының өкілдері және Қоғам. Сондықтанда, қалыптасқан бос орындарды жоспарлы толтыру мақсатында, сондай-ақ қызметті жедел басқару қабілетіне ие, осы немесе басқа бағыттағы лауазымға қойылатын талаптарға жауап беретін жас мамандар тобын қалыптастыру үшін   ҚТГ жекелеген ЕТҰ-да  Жас мамандарды даярлау қағидалары әзірленді және бекітілді. Осы ішкі құжат жас мамандарды даярлауда қажеттілікті айқындау тәртібін, кандидаттарды іріктеу, Қазақстан Республикасының алыс және таяу шетелдегі оқу орындарына, оқытуға жіберу тәртібін сипаттайды. Қазіргі уақытта сыртқы кадрлық әлеуетті дамыту жөніндегі комиссия құрамы бекітілген, осы мәселе жөнінде жоғары оқу орындарымен хат алмасу жүргізіледі.  Бұған қоса, «ҚазТрансГаз» АҚ тобында оқытудың және  мамандар даярлаудың күнтізбелік жоспарына сәйкес мамандарды даярлау, оның ішінде шетелде оқыту жүргізіледі. ҚТГ компаниялар тобы ұйымдары үшін үздік техникалық жоғары оқу орындары базасында жоғары білімді мамандар даярлау жоспарланды.
           ҚТГ жұмыскерлері Нұр-Сұлтан қ. «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті» жеке мекемесінің базасында біліктілігін арттыру курстарына, сол сияқты Қазақстан Республикасының басқа да оқу орталықтарының базасында, алыс және жақын шетелдерде семинарларға, тағылымдамалар мен тренингтерге қатысады.
          ҚТГ-да персоналды дамытуға бағытталған мынадай бағдарламалар қолданылады:  «Даярлау және біліктілігін арттыру», сондай-ақ «Жас маман» бағдарламасы әзірленді. ҚТГ компаниялар тобы Кадрлық резерві қалыптастырылды.
         «Даярлау және біліктілігін арттыру» – компания персоналын дамыту бойынша тұрақты әрекет ететін бағдарлама.
         ҚТГ-да даярлауға және біліктілігін арттыруға бағытталған персоналды дамыту жөніндегі бағдарлама әрекет етеді.  Жыл сайын ҚТГ бюджетінде персоналды оқытуға және біліктілігін арттыруға  қаражат көзделеді. ҚТГ-да магистральдық газ құбырларын техникалық пайдалану қағидаларына сәйкес магистральдық газ құбырларының техникалық объектілері арнайы дайындалған персоналмен пайдаланылуы тиіс.
          Қауіптілігі жоғары қызмет көрсетілетін объектілерде персонал мемтехқадағалау жергілікті органдарымен келісілген бағдарлама бойынша арнайы құрылған кәсіпорындарда курстардан дайындықтан (даярлықтан) өтуі тиіс.
          2020 жылы ҚТГ компаниялар тобы өткізген оқыту іс-шараларына 235 578 мың теңге жалпы сомаға 13 309 қатысушылар қатысты. Жұмыскерлер оқыту ұйымдарының базасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оқыту орталықтарында да даярлықтан өтеді және  өз біліктілігі деңгейін арттырады. Жұмыс персоналын кәсіби оқыту және дамыту ҚТГ кадрлық саясатының ұзақ мерзімді және басым бағыттарының бірі болып табылады, себебі жұмыс кадрларының кәсіби деңгейі қауіпсіз өндірістің тиімділігін арттырудағы, еңбек өнімділігінің өсіміндегі және жұмыстар сапасын арттырудағы маңызды фактор болып табылады. Сонымен қатар ҚТГ Қоғам жұмыскерлерінің балаларын Қазақстанның  жоғары оқу орындарында және алыс шетелдерде ЕТҰ және ҚТГ қаражаты есебінен оқытуды жүргізеді, олар оқуы аяқталғаннан кейін газ тасымалдау саласына жұмысқа оралады.
           Қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдан бастап «oStudy» пероналды бағалау, оқыту және дамытуға арналған бірыңғай платформа» ақпараттық жүйесі әрекет етеді.

          ҚТГ компаниялар тобында 2013 жылдан бастап әлеуметтік тұрақтылық рейтингі жүргізіледі. Еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік мінез-құлық деңгейін тұрақты бағалау кадрлық саясаттың ажарамас бөлігі   болып табылады және рейтингті зерделеуге бағытталған бірқатар іс-шараларды білдіреді.
         2020 жылы зерттеудің әдіснамасы өзгерді. Әлеуметтік өзара іс-қимыл жасасу және коммуникациялар орталығы Samruk Research Services платформасының шеңберінде телефонмен сауалнама әдісімен әлеуметтік зерттеу жүргізді. Зерттеуге сәйкес 2020 жылы Әлеуметтік тұрақтылық индексі 93%-ды құрады. 2019 жылмен салыстырғанда 3%-ға өсім байқалады, бұл ҚТГ компаниялар тобындағы қолайлы атмосфера туралы куәлік етеді.  2020 жылы әлеуметтік тұрақтылық индексінің мәні барлық зерттеу уақытындағы ең жоғарғы мән болып табылады. 
          ҚТГ компаниялар тобы бойынша 2020 жылы персоналдың жұмыстан кетуі 3%-ды құрады, 2019 жылмен салыстырғанда 1,4%-ға төмендеді.  Персоналдың жұмыстан кетуінің төменгі деңгейі компанияның дамуына жалпы қолайлы әсер етеді, ұжымның сапалы жаңаруына ықпал етеді, экономикалық жоғалтуларды, ұйымдық, кадрлық, технологиялық, психологиялық қиындықтарды елеулі төмендетеді.