«Интергаз Орталық Азия» АҚ

«Интергаз Орталық Азия» АҚ («ИОА» АҚ) қызметінің негізгі бағыттары магистральды газ құбырлары жүйесі бойынша табиғи газды тасымалдау, жерасты қоймаларында газды сақтау бойынша қызметтер, магистральды газ құбырларын және газ тарату жүйелерін пайдалану және техникалық қызмет көрсету болып табылады.

Табиғи газды тасымалдау Түркістан, Жамбыл, Қостанай, Батыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының аумақтары бойынша жүзеге асырылады.

Табиғи газды халықаралық тасымалдау «ИОА» АҚ бизнесінің негізгі кірістік құрамдас бөлігі болып табылады.

 

2018

2019

2020

2019 ж, %

Газды тасымалдау көлемі, млн. текше м

80 134

72 961

57 753

79%

  Ішкі нарық

13 568

13 663

14 278

105%

  Экспорт

18 873

19 069

12 687

67%

  Халықаралық транзит

47 693

40 229

30 788

77%

 

 

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның негізгі қызметі – магистральды және газ тарату құбыржолдары арқылы газ тасымалдау бойынша қызметтер көрсету, маркетинг, сатып алу, газды тұтынушыларға өткізу болып табылады.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның басымдықты міндеті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бар өңірлерде барлық санаттағы тұтынушыларды (тұрғындар, коммуналдық мақсаттағы кәсіпорындар, өніркәсіптік кәсіпорындар) авариясыз, үздіксіз және қауіпсіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету болып табылады.

 

 

2018

2019

2020

2019 ж, %

Газды тарату арқылы тасымалдау, млн. текше м

9 848

9 726

10 443

107%

Газды магистральдық тасымалдау, млн. текше м

2 622

2 554

2 603

102%

Табиғи газды өткізу, млн. текше м

12 378

12 663

13 253

105%

 

«Амангелді Газ» ЖШС

«Амангелді Газ» ЖШС-нің қызметінің негізгі түрі газды және газ конденсатын өндіру болып табылады.

 

2018

2019

2020

2019 ж, %

Газ өндіру, млн. текше м.

349

350

326    

93%

Газ конденсатын өндіру, тонна

19

17

15

90%