ҚазТрансГаз"ҚазТрансГаз" компаниясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 ақпандағы №173 қаулысына сәйкес құрылған, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-II Заңына сәйкес «ҚазТрансГаз» жабық акционерлік қоғамы «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы болып қайта құрылымдалды. 2004 жылғы 9 маусымдағы заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы №13898-1901-АҚ куәлігін Астана қаласының Әділет департаменті берген.

«ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы, еліміздің және дүниежүзінің газ нарығында мемлекеттің мүдесін білдіретін, Қазақстан Республикасының газбен жабдықтау саласындағы ірі компания болып табылады. «ҚазТрансГаз» АҚ табиғи газды магистральдық газ құбырлары бойынша тасымалдауды басқарады, ішкі және сыртқы нарыққа газ өндірумен, сатумен айналысады, құбыр жолдары мен газ сақтау қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.

ҚазТрансГаз – тұтынушыларға сенімді газ жеткізіп отырған Орталық Азия өңіріндегі ірі газ тасымалдау желісі және ішкі газ жабдықтау жүйесі бар іргелі компания.      

«ҚазТрансГаз» АҚ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ портфельдік компаниясы болып табылады. «ҚазТрансГаз» АҚ табиғи газды магистральдық газ құбырлары бойынша тасымалдауды басқарады, ішкі және сыртқы нарыққа газ өндірумен, сатумен айналысады, құбыр жолдары мен газ сақтау қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 914 қаулысына сәйкес «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып айқындалды.

«ҚазТрансГаз» АҚ басқаруында 348 газ айдаушы агрегаттар, 3 жер асты газ сақтау қоймалары (Бозой, Ақыртөбе, Полторацкое) 56 мың шақырымнан астам ішкі газ тарату желілері, 20 мың шақырымнан астам магистральдық газ құбырларын  қамтитын  үлкен газ тасымалдау инфрақұрылымы бар. Компания ел ішінде 9 миллионнан астам тұтынушыларға тауарлық газды жеткізеді. Осы жүйенің үздіксіз және апатсыз жұмысын 14 мыңнан астам адам қамтамасыз етуде. 

Отандық газдың 35%-ға жуығы Қашаған кен орнына,  23,2% - Қарашығанақ, 17%-ы - Теңіз кен орнына тиесілі.  

Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының қызмет аясы Қазақстанның 10 өңірінде жүргізілуде: Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары.  

 

ҚазТрансГаз

Компания құрылымы

Есепті кезеңде ҚТГ компаниялар тобына 12 еншілес және тәуелді компания кіреді, олар мынадай бизнес-бағыттар бойынша берілген:

  •  ресурстық база: «Амангелді Газ» ЖШС, «ҚМГ-Қансу Оперейтинг» ЖШС, «Отан Газ» ЖШС;
  •  газды магистральдық тасымалдау: «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Азиялық Газ құбыры» ЖШС,  «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС, «ҚазТрансГаз-Бішкек» ЖШҚ;
  • газды көтерме және бөлшек саудада өткізу: «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «ҚазРосГаз» ЖШС (сенімгерлік басқарудағы қатысу үлесі 50%);
  • сервистік компаниялар: «ҚазТрансГаз - Өнімдері» ЖШС, «KTG Finance B.V.», «ҚазМұнайГаз-Сервис NS» АҚ.

 

Газ өндіру    

01.01.2021ж. жағдай бойынша табиғи газдың қорлары мыналарды құрайды: Амангелді кен орнында 12,102 млрд. м3, Жарқұм кен орнында 0,349 млрд. м3 және Айрақты кен орнында 5,118 млрд. м3.

Газ тасымалдау

"ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобы барлық өндірістік жоспарларды орындады. Өткен жылы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша "ҚазТрансГаз" АҚ мынадай көрсеткіштерге қол жеткізді: газды магистральдық тасымалдау 86 590 млн.м3, оның ішінде ішкі тасымалдау - 20 165 млн. м3; газды экспортқа тасымалдау - 19 693 млн. м3; халықаралық транзит - 46 732 млн. м3. 

Табиғи газды өткізу  

Өткен жылы газ өткізу - 22 663 млн.м3, табиғи газ өндіру - 326 млн. м3, газ конденсатын өндіру - 15,2 мың тоннаны құрады.

 

Компанияның қызмет бағыттары

Магистральды газ тасымалдау

«Интергаз Орталық Азия» АҚ   

ИОА 100%-дық ҚТГ-ның еншілес кәсіпорны болып табылады, үш жерасты газ қоймасы мен магистральдық газ құбырларының екі негізгі жүйесін пайдалануды жүзеге асырады:

- "Батыс құбыр желісі" - Орталық Азиядағы қолданыстағы табиғи газ кен орындарына қызмет көрсететін Батыс Қазақстандағы газ құбырлары желілері (Орталық Азия жүйесін, Орал және Ақтөбе газ құбырлары жүйесін қамтиды);

- "Оңтүстік құбыр желісі" - Өзбекстан мен Қазақстан шекарасынан елдің оңтүстік өңірлеріне қазақстандық және/немесе импортталатын газды жеткізетін (Оңтүстік және Қызылорда құбыр жүйесі кіреді) Оңтүстік Қазақстандағы газ құбырларының желісі.

ИОА қызметінің негізгі бағыттары:

  •  Қазақстан аумағы бойынша Түрікменстаннан және Өзбекстаннан РФ-ға газды транзиттік тасымалдау;
  • экспорт үшін газды тасымалдау, атап айтқанда РФ-ға Теңіз және Қарашығанақ газ конденсатты кен орындарынан тасымалдау;
  • Қазақстан аумағы арқылы РФ бір бөлігінен екінші бөлігіне газды транзиттік тасымалдау;
  • Ташкент қ. үшін өзбек газын транзиттік тасымалдау.

Табиғи газды халықаралық тасымалдау "ИОА" АҚ бизнесінің негізгі кіріс құраушысы болып табылады.

 

Газ тарату және аудандарды газдандыру

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-тың негізгі қызметі газды магистральдық және таратушы газ құбырлары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсету, маркетинг, сатып алу, тұтынушыларға сату болып табылады.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-тың басым міндеті "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ бар өңірлерде барлық санаттағы тұтынушыларды (халықты, коммуналдық мақсаттағы кәсіпорындарды, өнеркәсіптік кәсіпорындарды) авариясыз, үздіксіз және қауіпсіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету болып табылады.

 

Газ моторлы инфрақұрылымы

«ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС

"ҚазТрансГаз Өнімдері" ЖШС-ның негізгі қызметі көлік қызметтерін көрсету, құрылыс-монтаждау жұмыстары, сығылған табиғи газды сату болып табылады.

 

Цифрландыру

ҚМГ-ның цифрлық трансформациялау бағдарламасы

ҚТГ өндірістің тиімділігін арттыру және Компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жаңа технологиялар мен заманауи тәсілдерді енгізуге ерекше көңіл бөледі.

2020 жылы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасының жол картасы шеңберінде "Газ құбырлары объектілері бойынша талдамалық геоақпараттық жүйені енгізу" (ТГАЖ) жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің сұрау салуларына сәйкес ТГАЖ жобасын "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына енгізу туралы шешім қабылданды. Жоба 2020 жылғы 22 қазанда ҚР Премьер-Министрі А.Ұ. Маминнің басшылығымен ҚР Президенті жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында сәтті көрсетілді.

2021 жылдан бастап 2023 жылы жобаның аяқталуына дейінгі кезеңде ҚР қалалары мен облыстарының газ құбырларының тарату желісін цифрландыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

 

1С базасында ERP жүйесін енгізу жобасы       

АТ-инфрақұрылымы, бизнес-қосымшалар, арнайы технологиялық қосымшалар саласындағы шешімдерді пайдалану бойынша шығындарды төмендету, тұрақтылықты арттыру, тұрақты дамыту үшін, сондай-ақ ҚТГ ақпараттық технологияларды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясы шеңберінде 2020 жылы 1С базасында бірыңғай ERP-жүйені енгізу бойынша жобаның дайындық бөлігі аяқталды. Іске қосу, диагностикалау, дизайн және тұжырымдамалық жобалау бойынша фазалар іске асырылды. Жобалық құжаттама бекітілді, жоба бюджеті, "диагностика және дизайн" фазасына арналған коммуникациялар мен жұмыстар жоспары өзектендірілді, сондай-ақ ҚТГ компаниялар тобының қамтамасыз ету процестері мен бизнес-функцияларын автоматтандыру үшін кәсіпорын ресурстарын жоспарлаудың бірыңғай платформасының (ERP жүйе) жоғарғы деңгейлі бизнес-процестері модельденді.      

Жобаның жоспар-кестесіне сәйкес жұмыстарды 2021 жылдың қараша айында аяқтау жоспарланып отыр.

 

Е-мұрағат – Sifrlyq Muragat

"Самұрық - Қазына" АҚ бастамасымен "Құжаттарды орталықтандырылған мұрағаттық сақтау" іс-шарасын жүзеге асыру аясында ҚТГ компаниялар тобы бойынша "Интергаз Орталық Азия" АҚ пилоттық жоба жүргізіп, "Sifrlyq Muragat" цифрлық мұрағат платформасын енгізу бойынша жұмыстар орындалды.

Іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес және мұрағаттық құжаттаманы сақтау рәсімдеріне сәйкес ҚТГ компаниялар тобының цифрланған мұрағаттық құжаттары цифрлық мұрағатта сақталатын болады.

 

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

ҚТГ компаниялар тобында ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастыру үшін 2019 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде деректердің таралып кетуін болдырмау және зиянды бағдарламалық қамтамасыз етуден қорғау бойынша шешімдер енгізілді, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік бойынша ахуалдық орталықтың қызметтері сатып алынды.

АҚ ахуалдық орталығы заңнамалық нормаларға сәйкес ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестікті, сондай-ақ ҚТГ компаниялар тобы бойынша желінің және соңғы нүктелердің ақпараттық қауіпсіздігін қорғау құралдарын сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.