2018 жылы Standard&Poor’s халықаралық агенттігі «ҚазТрансГаз» АҚ-ның ұзақ мерзімді рейтингін ВВ-ден ВВ-ға дейін көтерді, рейтинг бойынша болжам «тұрақты». Fitch Ratings және Moody’s Investors Services агенттігінен кредиттік рейтингтер дәл сол деңгейде расталды.

 

«ҚазТрансГаз» АҚ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ бекіткен борышты басқару саясатын басшылыққа ала отырып, қарызды қаржыландыруды тартуды жүзеге асырады, оған сәйкес борыш міндеттемелерінің максималды рұқсат етілген деңгейі анықталды.

2018 жылы Банктер синдикаты (Citibank, N.A., London Branch, Mizuho Bank, Ltd., MUFG Bank Ltd., Société Générale, ING Bank, a branch of ING-DiBa AG, Société Générale Corporate & Investment Banking (the Corporate and Investment Banking Division of Société Générale), Citibank, N.A., Jersey Branch) «ҚазТрансГаз» АҚ-ның атына ақшалай қаражат қарызын берді. Аталған сома $200 млн. мөлшеріндегі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГ-де үш компрессорлық станциясының құрылысын салу» инвестициялық жобасын ішінара қаржыландыру шеңберінде  «Интергаз Орталық Азия» АҚ атына жолданды;

Сонымен бірге, 2018 жылы Қоғам Синдикат бойынша, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ шығарған Еурооблигациялар және ішкі қарыздар бойынша пайыздарды өтеуді жалғастырды.