Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы

«ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

1954 жылы 26 шілдеде Қостанай облысы, Қарабалық ауданының Бөрілі ауылында туған.

Білімі: 

1977 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының (Мәскеу қаласы) экономика факультетін бітірген, 1987 жылы Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында «материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастырушы» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Жұмыс тәжірибесі: 

Қазақ КСР Мемкино және Мемжабдықтау жүйесінде жұмыс істеді, бірқатар кәсіпорындарды басқарған.

1988-1995 жылдары «Цесна» көпсалалы корпорациясын басқарды;

1995 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланды;

1996 жылы – Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары;

1997-2003 жылдары – Астана қаласының әкімі;

2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі;

2004-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы;

2008 жылғы қаңтар мен қазан аралығында – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі;

2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

2009-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

2014 жылғы сәуір мен қазан аралығында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы;

2014-2016 жылдары – Астана қаласының әкімі;

2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы;

2020 жылдың қарашасынан – «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы.

Өзге лауазымдары:

2007-2014 жылдары Қазақстан футбол Федерациясының Президенті;

2018 жылдың 10 ақпанынан Қазақстанның футбол Федерациясының Президенті болып сайланды.

Марапаттары:

– Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

– «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», I, II және III дәрежелі «Барыс», III дәрежелі «князь Ярослав Мудрый» (Украина) ордендерімен және медальдармен наградталған.

– «Астана қаласының кұрметті азаматы» атағы.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие.