ҚТГ-ның, оның еншілес ұйымдарының және тәуелді қоғамдарының қызметі өндірістік және өндірістік емес тәуекелдердің әсеріне ұшырағыш болады. ҚТГ – Топтың стратегиялық және жедел мақсаттарына қол жеткізуге, сондай-ақ Топтың құнына және беделіне әсер етуі мүмкін тәуекелдер деңгейін төмендету бойынша шараларды бағалауға және қабылдауға, уақтылы сәйкестендіруге бағытталған корпоративтік басқару жүйесінің басты компоненттерінің бірі ретіндегі тәуекелдерді басқарудың маңыздылығын түсінеді.

ҚТГ-ның тәуекелдерін басқарудың мақсаты – бизнестің стратегиялық және жедел тұрақтылығындағы орынды сенімділікті қамтамасыз ету болып табылады.

 

«ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының 2018 жылғы тәуекелдерін басқару бағдарламасы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өткізетін, тәуекелдерді басқарудың вертикальды процесін енгізу шеңберінде, ҚТГ Компаниялар тобының тәуекелдерін сәйкестендіру, бағалау және мониторингін жүргізу Тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінде өткізіледі (risk.kmg.kz) (бұдан әрі – ТБАЖ).

2018 жылғы 1 ақпан – 30 наурыз аралығында ҚТГ-ның және оның еншілес ұйымдарының тәуекел-үйлестірушілеріне және тәуекел-менеджерлеріне ТБАЖ-дағы жұмыс және оның негізгі талаптары бойынша оқытулар жүргізілді, 2018 жылғы 17-18 мамыр аралығында ҚТГ-ның бірлесіп бақыланатын ұйымдарының тәуекел-үйлестірушілеріне және тәуекел-менеджерлеріне ТБАЖ-дағы жұмыс және оның негізгі талаптары бойынша оқытулар жүргізілді.

ҚТГ-да және оның ЕТҚ-да құрылымдық бөлімше және/немесе тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты тұлға Компанияның бірінші басшысына бағынады.

2018 жылғы 2 тамыз – 1 қазан аралығында ҚТГ-ның барлық құырылымдық бөлімшелерінің және оның ЕТҚ-сының басты жұмыскерлеріне тәуекелдерді басқару мәселесі бойынша сұхбаттасулар өткізілді:

1) ҚТГ компаниялар тобының мақсаттарына қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдерді сәйкестендіру;

2) тәуекел іске асырылған жағдайда, залалдың әлеуетті мөлшері анықталды.

Төменде Компания қызметіне елеулі әсер ететін ҚТК-ның және оның ЕТҚ-сының басты тәуекелдері келтірілген.

ҚТК-да 65 тиесілі тәуекел сәйкестендірілген, оларға ҚТК-ның және оның ЕТҚ-сының Тәуекелдердің бірыңғай жіктеуішіне сәйкес тәуекелдер кодтары берілген, тәуекелдердің иелері анықталды және тәуекелдерді барынша азайту жоспарлары әзірленді.

ҚТК компаниялар тобы бойынша 21 басты тәуекел сәйкестендірілді және ҚТГ-ның Басты тәуекелдерінің картасында бейнеленді.

Газды сатып алу-сату (экспорт) шарты шеңберінде газды жеткізу бөлігінде міндеттемелерді орындамау тәуекелі

Тәуекелдің туындауы бірнеше факторлармен шарттасады:

1. Ішкі нарықта тұтынудың артуы;

2. Сатып алушы тарапынан газды қабылдаудан бас тарту;

3. Өнім беруші тарапынан міндеттемелердің орындалмауы.

Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге қойылатын талаптардың заңнамалық өзгеруі.

Аталған тәуекелді іске асыруға келесі факторлар әсер етеді:

КТГӨ кәсіпкерлік қызметін (өндірістік-коммерциялық) жүзеге асыруға шектеу. Өзге ұйым бизнесіндегі қатысу үлесінің 50%-дан артық мөлшерін тапсыру.  Холдингішілік кооперацияның болмауы. Басты серіктестен тәуелділікпен байланысты белгісіздіктер - ҚТГ компаниялар тобымен және «Самрұк-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен (Қор) нарықтық қатынастарға ауысу, ҚТГ компаниялар тобы мен Қор ортақ негізде өткізетін, автокөлікті және арнайы техниканы жалдау қызметтері бойынша тендерлерге қатысу. Топтың және Қордың тендерлеріне қатысу кезінде Холдинг шеңберінде бәсекелестікті күшейту - Қорда ірі сервистік автокөлік компанияларының болуы.

Басты серіктестен тәуелділікпен байланысты белгісіздіктер («Газпром» КАҚ)

Аталған тәуелділікті іске асыру келесі факторлармен шарттасады:

«Газпром» КАҚ-тың ортаазиялық газды сатып алудан бас тартуы. «Газпром» КАҚ газын Еуропаға, оның ішінде Украинаға экспорттық жеткізулерін қысқарту. Ресейдегі экономикалық жағдай, Ресейдегі газды ішкі тұтыну көлемдерінің төмендеуі. «Газпром» КАҚ немесе газды жеткізушілер тарапынан шарттық міндеттемелерді орындамау. Келісімшарттық міндеттемелерді орындау үшін газ жеткізуші елдердің ресурстық базасының болуы. Әлемдік экономиканың жай-күйі. Климаттық жағдайлар. Газды жеткізуші/тұтынушы елдердегі саяси және экономикалық ахуал. «Газпром» КАҚ-тың газды тұтынушылармен жүргізетін саясаты. «Газпром» КАҚ-тың газ транзиті бойынша тарифтерді көтеру мәселелеріндегі кері ұстанымы. Ресейлік газды өндіру көлемдерін көтеру.

Теңгенің АҚШ долларына қатысты құбылуы

АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамының өзгеруіне, пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне, ағымдағы сауда балансының жай-күйімен, инфляция деңгейімен, экономикалық және саяси жағдайлармен байланысты валюталық ысыраптар ықтималдығы болады.

«ҚазТрансГаз-Бішкек» ЖШҚ-ның құйған инвестицияларының қайтарылмау тәуекелі

Аталған тәуекел Қырғыз Республикасындағы тұрақсыз саяси жағдаймен шарттасады («ҚазТрансГаз-Бішкек» ЖШҚ).

Айырбас операциялары шеңберінде Қазақстан Республикасының оңтүстігіне импорттық газдың кем жеткізілуі (күз-қыс мезгілі кезеңіндегі газдың дефициті)

Тәуекелдің туындауы жеткізуші тарапынан міндеттемелердің орындалмауымен шарттасады.

Тәуекелдерді басқару жүйесін және ішкі бақылауды жүйелендіру және біріздендіру мақсатында, ҚТГ ҚТГ-ның тәуекелдер тізілімін әзірледі және басты тәуекелдер Тәуекелдер картасына енгізілді:

 

«ҚазТрансГаз» АҚ-ның тәуекел-мәдениетін жетілдіру

  1. Комитеттің тәуекелдер бойынша жұмысы күшейтілді, ҚТГ-ның және оның ЕТҚ-ларының мақсаттарға қол жеткізулеріне кері әсер етуі мүмкін барлық қолданыстағы оқиғалар ҚТГ және ЕТҚ-ның Тәуекелдер жөніндегі комитеттерінің отырыстарында алқалық түрде қаралады.
  2. ҚТГ компаниялар тобының тәуекелдерін сақтандыру арқылы қорғауды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Тәуекелдерді қорғау бойынша оқыту тренингі ұйымдастырылды.
  3. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Газды тасымалдау және сақтау жөніндегі басқарушы директоры қызметінің басты көрсеткіштеріне (ҚБК) енгізілген «Тәуекелдерді басқарудың вертикальды процесін енгізу» іс-шарасы 100%-ға орындалды.
  4. Қаржылық тәуекелдер бойынша есептілік пакеті қалыптастырылды –төмендегілер бойынша тоқсан сайынғы мониторинг жүргізілуде:
  •  елдің тәуекелдері бойынша лимиттердің сақталуы;
  •  банк-контрагенттерге қатысты міндеттемелер бойынша лимиттер;
  •  валюталық тәуекелдер;
  •  валюталар қимасындағы пайыздық алшақтықтар.