Еліміздің басты газ компаниясы «ҚазТрансГаз» АҚ-да  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Нұр-Сұлтандағы орталық офисте өңірлердегі компаниялар тобы ұжымдары онлайн режимде байланысқа шықты.

 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары, «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Қайрат Шәріпбаев Қазақстанның басты ұлттық мерекесімен құттықтады, сондай-ақ отандық газ саласының негізгі жетістіктері туралы айытты.

Ол тәуеліздік алған сәттен бастап біздің халқымыз  Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және сәтті қайта құрулармен жалғастырып келе жатқандығына тоқталды. «Қазақстан мықты мемлекеті бар, ұлттық экономикасы дамыған егеменді елге айналды. Дәстүр бойынша бұл мерекені «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы жақсы жетістіктермен қарсы алады.  Бұл өте маңызды, себебі қазіргі заманның шындығына қарасақ мұнай-газ секторы ел экономикасының өте маңызды бөлігі болуын жалғастыруда» - деді ол.  

ҚазТрансГаз соңғы жылдары «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының ең табысты портфельді компаниясына және сонымен бір уақытта елдің мұнай-газ секторының мол табыс әкелетін активіне  айналды. Тек қана соңғы 5 жылдағы валюталық түсім - 17 млрд. долларды құрады, бұл сан  шамамен жекелеген елдердің жылдық бюджетімен салыстыруға болады.

Егер де бес жыл бұрын «ҚазТрансГаз» шығыны 20 млрд теңгені құраған болса, қазір компания  жылына орташа алғанда 20% пайда өсімін көрсетіп отыр. Осы жылы ҚазТрансГаз компаниялар тобы 330 млрд теңге мөлшерінде таза пайданы күтеді. Бұл ретте компаниялар тобының түсімі 2 трлн теңгеден астамды құрайды, бұлда рекордтық көрсеткішке айналды. 

2014 жылдан бастап қарыздық міндеттемелер  2 есеге төмендеді және жалпы қарыз 12 млрд доллардан 5,7 млрд долларға төмендеді.

Бес жыл ішінде тек қана салықтық аударымдар түрінде бюджетке 475 млрд теңгеден астам қаражат аударылған және бұл ел экономикасына қосылған ауқымды үлес.  Директорлар кеңесі төрағасының сөзі бойынша, газ саласы Қазақстан экономикасының белгілі бағыттарының біріне айналып келеді деп сеніммен айтуға болады.

Бүгінгі күні ұлттық оператордың компаниялар тобы – қуатты, заманауи, табысы жоғары компания. Бұл бизнес-процестердің тиімділігін арттыруға уақтылы басымдықты көңіл бөлінгендігінің газ тасымалдау инфрақұрылымын басқаруға инновациялық тәсілдерді енгізудің, кадрлық саясатты күшейтудің және еңбек өнімділігін үш мәрте арттырудың арқасында мүмкін болды.  Бес жыл ішінде тек қана табыс әрбір қызметкерге шаққанда бес есе өсті. 

Осының барлығы газдың тұрақты транзитін және экспортын жүзеге асыруға, ішкі нарықты үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Көршілес мемлекеттер Орталық Азмялық газ хабы мәртебесін бере отырып Қазақстанды маңызды газ саласындағы серіктес деп санайды. Бұған дәлел ретінде осы жылы Қазақстан арқылы  «Орта Азия – Орталық» магистральдық газ құбыры бойынша Ресейге түркімен газы транзитінің жаңартылғандығын айтуға болады.

Өз сөзінде компания Директорлар кеңесінің төрағасы қазіргі заманның шындығы  жаңа тәсілдерді – газды терең өңдеумен және газ химиясымен айналысатын өндірістерді құруды талап ететіндігін ескерді.  

Қол жеткізілген нәтижелер компанияның халықаралық ретингіне де қолайлы әсер етеді. «ҚазТрансГаз» АҚ екі инвестициялық кредиттік рейтинг - Fitch Ratings ұзақ мерзімді «ВВВ-» және  Moody’s «Baa3» рейтингке ие, бұл когмпанияның мықты қаржылық тұрақтылығын және оның бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді. 

Осы жылғы жұмысты қорытындысын шығарып, Қайрат Шәріпбаев ҚазТрансГаз жоспарлаған барлық істердің орындалғандығын және осының барлығы біздің ұйымшыл ұжымның еңбегі екендігін ерекше атап айытты.

Іс-шара барысында сала ардагерлері, «ҚазТрансГаз» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының басшылары онлайн байланыс арқылы мерекемен  құттықтады.

Салтанатты рәсім газ саласының үздік қызметкерлеріне ведомстволық наградаларды және құрмет грамоталарын тапсырумен жалғасты.