«ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы еңбек ұжымдарының алдында Бас директор Рустам Сулейманов  өткен жылғы қаржылық-шаруашылық қызметтің қорытындылары есебімен сөз сөйледі.

Ұлттық оператор қызметтің негізгі түрлері бойынша көрсеткіштерді ұлғайтуды жалғастыруда. Осыйлайша, магистральдық тасымалдау көлемі   103,5 млрд. текше метрді, ішкі тасымалдау 18 млрд. текше метрді құрады. Бұл ретте газдың халықаралық транзиті 59,4 млрд. текше метрді, ал газды экспортқа тасымалдау 26,2 млрд. текше мтрді құрады. 

Есептік кезең үшін газды өткізу көлемі 22,8 млрд. текше метрді құрады. 350 млн. текше метр табиғи газ және  17 мың тонна газ конденсаты өндірілді.   Қаржылық қызметке қатысты «ҚазТрансГаз» АҚ өткен жылғы шоғырландырылған табысы 1 191 467 млн. теңгені құрады.  Бұл ретте, ұлттық оператор  компаниялар тобына  қарыздық жүктемені төмендету және кредиттік портфельге қызмет көрсету бойынша шығыстарды азайту жөніндегі ұзақ мерзімді саясатты жалғастырады. Өткен жылы «Азиялық газ құбыры» ЖШС қарызы бойынша $500 млн. және «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС қарызы бойынша $174 млн. мерзімінен бұрын өтелді.

«ҚазТрансГаз» АҚ ішкі нарықта бағалардың өсуін ұстап тұруды және газды қазақстандық тұтынушыларды субсидиялауды жалғастыруда екендігін ескеру қажет.  2019 жыл үшін ішкі нарықта өзіндік құнынан төмен баға бойынша газды өткізуден шығындар 101 млрд. теңгені құрады,  2018 жылы бұл сома 38,9 млрд. теңгені құраған.

Өткен жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің шешімін орындай отырып Шымкент қ. және Түркістан облысы үшін үшін  3,8%-дан бастап Алматы қ. және Алматы  облысы үшін 17,5%-ға дейін тауарлық газға шекті көтерме сауда бағалары төмендетілді.

«ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры өткен жылғы мамыр айында «Курсив» республикалық іскерлік басылымымен серіктестіктегі «Expert» рейтингтік агенттігі ұлттық операторға ашықтықты дамытқаны үшін және үздік тәжірибелер енгізгені үшін диплом тапсырды. Рейтингтік агенттік қорытындылары бойынша «ҚазТрансГаз» АҚ-ның ақпаратты міндетті түрде тек ашық қана емес, сонымен қатар жалпы газ индустриясына қатысты ақпаратты да жариялауға дайындығын ескеріп, компания ашықтықтың жоғары деңгейіне ұмтылатындығын және ең үздік әлемдік тәжірибелерді ұстанатындығын айтуға болады.

Баяндамада 2019 жылғы 30 желтоқсанда ҚР Президенті Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойылғандығы ескерілді. Бұл өзгерістер «ҚазТрансГаз» АҚ-ға газ және газ конденсатты кен орындарында көмірсутектерін барлауға және өндіруге қосымша өкілеттіктер береді. 

Газды магистральдық тасымалдау жүйесін дамыту және жаңғырту бөлігінде  «Бозой-Шымкент» МГҚ учаскесінде «Арал», «Қорқыт-Ата» және «Түркістан» компрессорлық станцияларын пайдалануға енгізу сияқты негізгі оқиғалар айтылды. Бұл «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының қуатын жылына 13 млрд. м3 дейін жеткізуге мүмкіндік берді.

Былтырғы жылы «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Қараөзек» КС  «Бейнеу-Бозой-Шымкент» ЖШС-на өткізді. Сонымен қатар, «Бұхара газды ауданы–Ташкент–Бішкек–Алматы» МГҚ мен «Қазақстан-Қытай» МГҚ арасындағы TIP-02 жалғастырғышта сығымдау компрессорлық станциясын салу» инвестициялық жобасын іске асыру аяқталды.

2019 жылы ұлттық оператор газ тарату желілерін дамытуды және жаңғыртуды жалғастырды. «Тараз қ. газ тарату желілерін жаңғырту», «Маңғыстау облысының елді мекендерінің ГТС жаңғырту, реконструкциялау және жаңасын салу» жобаларын іске асыру аяқталды. «Алматы қ. газдандыру, Алматы қ. газ тарату жүйелерін жаңғырту, реконструкциялау» инвестициялық жобасының аясында құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда. 2020ж. 01 қаңтарға 265 км болатын жаңа газ құбырлары салынды, қолданыстағы 76 км газ құбыры қайта құрылды, 21 шкафты газ реттеуіш пункті, 1 газ реттеуіш блокті пункт орнатылды.

«ҚазТрансГаз» АҚ инновациялық-технологиялық сектордағы жобаларды іске асыру жұмыстарын жалғастыруда, «Қарағанды көмір бассейнінің көмір қабаттарынан метан өндіру» жобасы бойынша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Инвестициялық комитеті КҚМ өндірудің ұтымды әдісін айқындау мақсатында тік, көп кенжарлы ұңғымалар салуды жүргізумен қатар, 2019-2021 жж. арналған қосымша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді мақұлдады.

Бас директор есепті кезеңде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға  басты назар аударылды деп атап өтті.  2019 жылы «ҚазТрансГаз» АҚ өндірістерінде жазатайым оқиғалар болған жоқ. Сондай-ақ еңбекті қорғау және қоршаған орта бойынша берілген есепте 100% анық мәліметке қол жеткізілді, ол ҚТГ компаниялар тобының өндірістік объектілеріне барып (іріктемелі) тексеру нәтижелері бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қорытындысымен расталған.

Әлеуметтік тұрақтылық және жұмысқа тартылу индекстерін зерттеу нәтижелері 5 жыл ішіндегі оң динамиканы көрсетіп отыр әрі оң аймақта тұр, ол Қоғамдағы қолайлы жағдайды білдіреді. Индекстер мәндерінің өсуі – бұл корпоративтік мәдениетті өзгерудегі, персоналдың жұмысқа тартылуының,  трансформация бағдарламасының табысты іске асуының және жаңа өндірістік объектілерді салу және оларды іске қосу, тиісінше жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі  инвестициялық жобалардың мерзімінен бұрын іске асырылуы ортақ күш-жігердің нәтижесі.

Жалпы алғанда  «ҚазТрансГаз» АҚ-ның 2019 жылғы жұмысы оң бағаланды.