«ҚазТрансГаз» АҚ жаңа компрессорлық станцияны іске қосу арқылы жылыту маусымының қарсаңында елдің оңтүстігіне, сондай-ақ экспортқа газ жеткізудің жоғары тиімділігін қамтамасыз ете отырып, газ құбырын толық қуаттылыққа шығару бойынша ауқымды жобаны іске асыруды аяқтады. 

Заманауи Қазақстан тарихындағы ірі газ құбыры жобасы – «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбыры толық көлемде іске асырылды. Күрделі жүйенің соңғы элементі газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ (ҚТГ) меншікті қаражаты есебінен 155 км газ құбырына Ақтөбе облысы Байғанин ауданында тұрғызылған   «Үстірт» компрессорлық станциясы (КС-1А) болды,   

Басымдық тиімділікте

Негізгі мақсат  – «Бейнеу-Бозой-Шымкент»  газ құбырының өткізгіштік қабілеттілігін  жылына  15 млрд м3 қуаттылықтың шарықтау шыңына шығару шеңберінде ҚТГ бұрын – «Арал» (518 км), «Қорқыт Ата» (725 км) және «Түркістан» (1230 км) сияқты үш басқа компрессорлық станцияларды тұрғызды және пайдалануға енгізді. «Үстірт» КС  есептеу бойынша төртінші және осы инвестициялық жоба шеңберінде соңғы компрессорлық станция болды. Осы төрт КС арқасында ұлттық оператор Батыс Қазақстандағы кен орындарынан табиғи газды елдің оңтүстік өңірлеріне, сондай-ақ Қытай бағытындағы экспортқа тұрақты жеткізуді кепілдендіруге қабілетті.

«Үстірт» КС  - бұл ҚТГ жүйесіндегі елді мекендерден шалғайда орналасқан компрессорлық станция. Бірақ, компанияның барлық басқа жаңа станциялары сияқты олда газды турбиналы және компрессорлық техниканы әлемдік озық өндіруші «Solar turbines» компаниясының заманауи жабдығымен жасақталған. Бұған қоса, барлық газ айдайтын агрегаттар «ҚазТрансГаз» АҚ арнайы тапсырысы бойынша жасалған.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Ақтөбе» МГҚ бас инженері Нағи Әбуовтың сөзінше, осы агрегаттарды әзірлеген кезде олардың экологиялық өлшемдеріне ерекше назар аударылды. Нәтижесінде, «Үстірт» компрессорлық станциясында бүгінде зиянды заттардың атмосфераға аз шығуын қамтамасыз ететін құрғақ шығарындыларды бәсеңсіту жүйесі жұмыс жасайды.  

«Үстірт» КС»  Қазақстанның газ тасымалдау жүйесі үшін инновациялық жабдықпен жасақталған. Мұның барлығы магистральдық газ құбырын пайдаланудың барлық кезеңі ішінде газды қауіпсіз және технологиялық іркіліссіз тасымалдауды қамтамасыз етеді»,- дейді ол. 

«Үстірт» КС  шалғайда орналасқандығына қарамастан, ҚТГ-ның басқа да заманауи компрессорлық станциялары сияқты жұмысшыларға жоғары деңгейде жасалған жағдайлармен ерекшеленеді. Мұнда жету үшін Ақтөбеден шығатын вахташыларға автомобильдерде бір жақтың өзін бірнеше мың километрлерді басып өтуге тура келеді, бұл ретте бағыттың едәуір бөлігін адамадар аз қоныстанған далалық аудандар мен жартылай шөлейттер жалғайды. Сондықтанда вахталық кент оазис сияқты көрінеді және қабылданады. Бұл жерде қажеттінің барлығы – жайлы жатахана, кір жуатын орын, әркез тойымды және дәмді тамақтандыратын асхана, тіпті жаттығу залы мен спорт алаңыда бар. Бұл көріністі, көзді қуантып, аулада отырғызылған ағаштар мен көшеттер толықтыра түседі, сондай-ақ адам еркіне ерік берсе, қандай күш-жігерге ие болатындығын, оны пайдалы іске жұмсай алатындығын тағыда еске салады.  

Жаңа КС стратегиялық мәні

 «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбыры техникалық тұрғыдан өз жұмысын маңызды стратегиялық міндетті шеше отырып  2015 жылдан бастады, атап айытқанда барлық бұрыннан жұмыс жасап келе жатқан газ құбырларын бір желіге біріктірді. Ол сонымен қатар жылына 10 млрд м3 көлемде елдің батысындағы газды, оны өндіру аудандарынан халық қалың шоғырланған өңірге – Оңтүстік Қазақстанға, Қытайға экспорттау мүмкіндігімен жеткізуді  қамтамасыз етті.

Бастапқыда бұл жерде небәрі екі компрессорлық станция  «Бейнеу» КС және газ құбырына арнайы салынған «Бозой» КС жұмыс жасады. Бірақ, жеткізудің қажетті көлемдерін қамтамасыз ету үшін оларға өз мүмкіндіктерінің шегінде жұмыс жасау қажет болды. Әсіресе «Бейнеу» КС қиын болды, 40 жыл ішінде өз ресурсын іс жүзінде сарқыды және жүктемені азайтуды талап етті.

2011 жылы шешім ретінде КС-1А салу ұсынылды, кейіннен бұл идея «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ өткізгіштік қабілеттілігін газдың 15 млрд. текше метрге дейін кеңейту бойынша инвестициялық жоба шеңберінде іске асырылатын болады.

Географиялық тұрғыдан бұл жоба тұтастай екі облыстың аумағында іске асырылды – Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан. Өңір үшін анық экономикалық әсерден, сондай-ақ маңызды міндет – маусымдылыққа және нарықтық конъюнктураның  өзгеруіне тәуелсіз меншікті қазақстандық газды тиімді жеткізуді қамтамасыз етуден бөлек, жоба үлкен әлеуметтік мәнге ие. Бірінші кезекте МГҚ инфрақұрылымдық объектілерінде жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болған жергілікті тұрғындар үшін тиімді болды.  

Бұдан бөлек, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ өткізгіштік қабілеттілігін ұлғайту ҚХР-ға отандық газ  экспортының көлемін өсіруге мүмкіндік берді. Бұл газ «Орталық Азия-Қытай»  трансазиялық магистральдық газ құбыры арқылы шетелге жеткізіледі. Бұл ретте қазақстандық газдың қалған бес млрд. текше метрі  елдің оңтүстігінің ішкі қажеттілігін толықтай  жабады.

Магистральдық газ құбырының арқасында сонымен қатар өңірді газдандыру деңгейі өсті. Мысалы, Қызылорда облысында осы ағымдағы жылы газдандыру дәрежесі   95%-ды құрауы мүмкін.

«Газ саласын дамыту мемлекеттік энергия саясатының басым бағыты болып табылады. «ҚазТрансГаз» АҚ алдында экспорттық бағыттарды кеңейту, отандық газ транзитін ұлғайту бойынша міндеттер тұр.  Сол себепті компания экспорттық газ тасымалдау дәліздерін кеңейтуге, өндіріске ең озық технологияларды енгізуге аса назар аударады, бұл газ магистральдарына ұзақ жылдар бойы іркіліссіз  жұмыс жасаумен қатар, қажеттілігіне қарай тасымалдау көлемін ұлғайтуға де мүмкіндік береді» - деді Нағи Әбуов.

 

Дереккөз: "Казахстанская правда" газеті