Жеңіс Күні қарсаңында соғыс ардагерлерімен және тыл еңбеккерлерімен кездесу - бұл "ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобындағы игі дәстүр. Газшылардың пікірінше, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні, үйге оралмаған отандастарымызға тағзым етіп еске алатын және бізбен бірге жүрген қарт ардагерлерге Алғыс айту мүмкіндігі ретінде осы күнге дейін басты мерекелердің бірі болып қала бермек.

"ҚазТрансГаз" АҚ-тың бастамашыл топтары барлық өңірлерде бүкіл сақтық шаралары мен карантиндік шараларды сақтай отырып, Ұлттық газ операторынан ардагерлерге бағалы сыйлықтар табыстап, материалдық көмек көрсетті.

Әр үйде газшыларды үлкен қуанышпен қарсы алып, ардагерлер өткенді еске алып, оларға көңіл бөлгендері үшін алғыс айтты.

Газшылар ардагерлерге шынайы ризашылықтарын білдіріп, ортақ Жеңіске қосқан баға жетпес үлестері үшін әрқайсысына алғыс білдіріп, ұзақ ғұмыр және бейбіт өмір тіледі.

Соғыста ерлік көрсеткен батырларын құрметтеу және бағалау, Ұлы Жеңіс туралы естеліктерді құрметтеу және сақтау - біздің ұрпақтың парызы. Сонымен қатар, сол сұрапыл соғыстағы батырлар жыл сайын арамыздан сиреп, азайып барады. Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 665 ардагері тұрады.

Салтанатты іс-шаралар барысында кәсіпорыннан 50-ден астам соғыс ардагері мен тыл еңбеккерлері сыйлықтар алды.